ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық байқаудың марапаттарын жас вокалшылар алды
13-07-2022 11:29
Халықаралық байқаудың марапаттарын жас вокалшылар алды

«Жизнь городов» фестиваль комитетінің жобасы аясында 2022 жылғы 9 шілдеде Сочи қаласында «Планета искусств» халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Бұл 2011 жылдан бастап Ресейдің 10 аймағында өтетін ірі фестивальдердің бірі. Осы уақыт ішінде жобаға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Финляндия, Германия, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Шри-Ланка, Кувейт елдерінен 20 мыңнан астам адам қатысты.

«Южное взморье» концерт залының сахнасында Ресей мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен 700 қатысушы өнер көрсетті. 100-ден астам конкурстық вокалдық және хореографиялық нөмірлер, суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары ұсынылды. Фестивальдің қазылар алқасының құрамына көрнекті өнер қайраткерлері, шығармашылық жоғары оқу орындарының өкілдері кірді, олар қатысушылардың жетістіктерін бағалаумен қатар, шығармашылық жолды жалғастыру бойынша ұсыныстар берді.

Байқауда Қазақстан М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Свет звезды» үлгілі ән театрын ұсынды. Театр мүшелері 6 жүлделі орынға ие болды.

Байқаудың бас жүлдесін үш павлодарлық жеңіп алды, оның ішінде К. Мақпалеев атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Цечоева Лейла «I will always love you» әнін орындағаны үшін.

I орынды 2 дуэт, оның ішінде «Tell him» әні үшін Цечоева Лейла, «Все хотят сиять» әні үшін - Рудницкий Климентий, № 39 ЖОМ 4 сынып оқушысы және «Jar of hearts» әні үшін - № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Плитко Марина иеленді.

II орынды екі адам алды, оның ішінде Рудницкий Климентийдің «Синяя вечность» әні үшін.