kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2194996
Бір айда133705
Бір аптада63195
Кеше3977
Тәулік2184
Қала күніне орай жас музыканттардың мерекелік концерті
14-07-2022 10:35
Қала күніне орай жас музыканттардың мерекелік концерті

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары 11 шілде күні М. Жүсіп көшесі, 30 мекен-жайындағы шағын ауданда «Менің сүйікті қалам» атты концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.

Шағын аудан тұрғындары мен мектеп жанындағы лагерьлердің оқушыларына жас вокалистер Елтас Малика, Благинена Полина, Хижняк Богдан, Маканов Дамир, Тимченко Арина, Гаманова Виолетта Шалимов Артур, Грищук Арина, Елубаева Айлинаның орындауында Д.Геллер, Ш.Қалдаяқов, Н. Тілендиев, Е. Хасанғалиевтің әндері шырқалды. Сондай-ақ жас музыканттар өз репертуарларына қазақтың халық әндері «Майра», «Гүлдариға», «Іңкәрім-ай», «Шіркін-ай» деген әндерді де қосты.

       Көрермендер үшін В.Купревичтің «Пингвины» Романова Ева, Абайдың «Көзімнің қарасы» Әлихан Салықовтың, А. Виллолдоның «Танго» Марат Айтуардың, «Ахау бикем» қазақтың халық әні Иван Егоровтың саксофонында орындалған шығармаларды орындады. «BRIGHT» вокалдық ансамблі концертті И. Дунаевскийдің музыкасы, В.Лебедев-Кумачтың сөзіне жазылған «Капитаны будущего», сөзі мен музыкасы Т. Куликованың «Қазақстан» әндерімен аяқтады.

         Оқушылар «С днем рождения» флешмобына, «Города», «Давайте познакомимся», «Лавата» ойындарына үлкен қызығушылықпен қатысты.

       - Қала күніне арналған концертте талантты жас музыканттар, көптеген байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті, олар өз өнерлерімен шағын аудан тұрғындары мен мектеп жанындағы лагерь балаларына мерекелік көңіл - күй сыйлады, - дейді мектеп басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев.