Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаяу және велосипет туризмі бойынша республикалық чемпионаттың қорытындысы
15-07-2022 09:05
Жаяу және велосипет туризмі бойынша республикалық чемпионаттың қорытындысы

2022 жылдың 5 - 10 шілдесінде Қарағанды облысының Қарқаралы мемлекеттік ұлттық саябағында жаяу және велосипет туризмі бойынша республикалық чемпионат өтті. Павлодар облысының атынан Павлодар қаласы Білім бөлімінің Экология және туризм жастар орталығының 28 тәрбиеленушісі және 3 мұғалім, олардың жетекшілері қатысты.

Қатысушылар қашықтықтарды, жаңа жол бағдарларын еңсеріп, кәсіби шеберлік сыныбын алды. Нәтижесінде павлодарлықтар 13 жүлделі орынға ие болды, төртеуі - бірінші, бесеуі - екінші, төртеуі - үшінші орын.

Жаяу жүруден «Жеке» қашықтық бойынша «Жастар» жас тобында 1-орынды 7-сынып оқушысы Тоғайбаева Мадина, «Жасөспірімдер» тобында 3-орынды № 42 орта мектептің 8-сынып оқушысы Ыкласова Альбина иеленді.

Велосипед туризмі бойынша екінші жалпыкомандалық орынды «Пирамида», «Пирамида - 1», «Вершина» клубтары тәрбиеленушілерінің құрама командасы иеленді, оның ішінде «Вело-триал» және «Мәнерлеп жүргізу» қашықтықтарында 1-орынды «Ересектер» жас санаты бойынша Кадеев Рамиль, «Жастар» жас санатында № 17 орта мектептің 5-сынып оқушысы Пантелеев-Пашкин Петр иеленді.

«Балалар жеңіс үшін абыроймен күресті, жақсы сабақ алды, алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтиже көрсетеміз деген мақсат қойды», - дейді команда жетекшісі Сергей Николаевич Агалаков. Жетекшілер Владислав Юрьевич Ридзаускас, Ирина Валерьевна Ридзаускене, Сергей Николаевич Агалаков байқауды ұйымдастыру комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.