ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілердің австриялық қонақпен кездесуі
21-07-2022 19:04
Жас суретшілердің австриялық қонақпен кездесуі

Ресей Федерациясы Омбы облысы Исилькуль қаласының өнер мектебі мен Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі «Ертіс пен Есіл арасында» атты халықаралық жобасы аясында 20 шілде күні география үйінің «Форватер» жазғы лагерь қатысушыларының кезекті сабағы өтті.

Өнер мектебінің оқушылары Ертіс өзені бойындағы «Көшпенділер» теплоходында сабақты өткізді. Жас географ-суретшілер Ертіс жағалауының бейнесін пастельмен, түрлі-түсті қарындаштармен, бояулармен, фломастерлермен салды. Мусабаева Карина, Бауржан Азиза, Кущенко Елизавета, Ромакер Полина мектеп педагогі Қисамиденова Алтын Ыбырайқызының жетекшілігімен жасаған 10-нан астам еңбектерінде өзен жағалауларымен, қала ғимараттарымен, Ертіс үстіндегі көпірмен, Ертістің көгілдір көзімен көруге болады.

Бұл қызықты саяхатқа Австрияның география үйінің, Вена қаласының қонағы, математика және орыс тілі мұғалімі, лингвист, этнограф, мәдениеттанушы, саяхатшы Камилло Брэйлинг қатысты. Аталған жұмыс жемісті және қызықты болды. Лагерьге қатысушылар мен жас суретшілер Павлодар география қоғамының мүшесі, оқытушы Александр Анатольевич Вервекиннің әңгімелерінен Ертіс өңірінің тарихы туралы көптеген қызықты мағлұматтар алды. Саяхат соңында жас суретшілер өз жұмыстарын география үйінің қорына сыйға тартты.