Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Спорттық бағдарлау бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегерлері
05-08-2022 15:57
Спорттық бағдарлау бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегерлері

   Қарағанды облысының Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2022 жылғы 24 шілде - 1 тамыз күндері аралығында спорттық бағдарлау бойынша «QARQARALY - 2022» халықаралық көпкүндік жарыстар өткізілді. Жарысқа Мәскеу, Тюмень, Санкт-Петербург, Уфа, Красноярск, Томск, Екатеринбург, Новосибирск қалаларынан 10 жастанасқан 60-тан астам оқушы, Қазақстанның атынан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының, Нұр-сұлтан, Қарқаралы, Алматы қалаларының туристері қатысты. Павлодар облысының намысын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар-аула клубының 7 тәрбиеленушісі қорғауда.

   Жарыста жас туристер көптеген күрделі туристік қашықтықтарды - «Орташа», «Таңдау бойынша», «Ұзын», «Спринт», «Лабиринт» - ашық старттар, «Масстартпен классикалық қашықтық» өтті. Павлодарлық қатысушылар «Орташа» қашықтығында жақсы нәтижелер көрсетті.

   II орынды № 9 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Коваленко Софья, III орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Барбашин Данил иеленді.

   Жеке есепте II орынды Коваленко София иеленді. Жүлдегерлердің жетекшісі Кремер Сергей Владимирович, «Вертикаль» туристік клубының қосымша білім беру мұғалімі.