Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың туристік экспедициялық жасақтарының слеті
22-08-2022 10:53
Оқушылардың туристік экспедициялық жасақтарының слеті

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдерэкология және туризм орталығында «Менің Отаным - Қазақстан» 2 күндік туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетінің қалалық және облыстық кезеңдері өтті. Мақсаты - патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстану, балалар экспедициялық жасақтарының туристік қызметін дамыту.

   10 - 17 жас аралығындағы қатысушылар 3 бағыт бойынша жарысты. Өлкетану блогында қатысушылар «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрпы мен мәдениет», «Туризм-спорт, денсаулық, демалыс», «Өшпеш жұлдыздар», «Туған өлке соқпақтары» номинациялары бойынша өз жұмыстарын таныстырды. Туристік блокта қатысушылар туристік техника мен тактика, бағдарлау, тауға өрмелеу элементтерін қоса алғанда, «Кедергілер жолағы» қаықтығынан өтті, туристік түйіндерді тоқыды. Шығармашылық блокта командалар бард әндерінің орындауында жарысты.

   Слеттің облыстық кезеңіне қатысу үшін іріктеу мақсатында 16 тамыз күні экология және туризм орталығы Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары арасында 50 жас туристің қатысуымен қалалық кезеңді өткізді. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша I орынды № 39 ЖОМ, экология және туризм орталығының командалары иеленді. Олардың қатарында № 39 ЖОМ 4 сынып оқушысы Томирис Аулыбаева «Павлодар қ. туристік жолсілтеме» жобасын, Әлімбаев атындағы ЖОМ 4 сынып оқушысы Даниил Пискарев «Баянауыл бойынша жарыстарға және жорықтарға қатысу» жобасын ұсынды. Экология және туризм орталығының құрама командасы кедергілердің туристік жолағынан жақсы өтті. Слеттің облыстық кезеңіне қатысу үшін жүлделі орындарға ие болған командалар арасынан жас туристер кірді.

 Екінші күні 17 тамызда слеттің облыстық кезеңі өтті. Жарысқа Ақсу қаласы, Шарбақты ауданы,Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі командалары мен Павлодар қаласының құрама командалары қатысты. Өлкетану блогында 9 жобаның ішінен Томирис Аулыбаеваның «Павлодар қаласының туристік жолсілтемесі» жобасы үздік деп танылды. Туристік блокта қатысушылар туристік техника мен тактика, бағдарлау, топография элементтерімен кедергілер жолағы қашықтығынан өтті, Алғашқы медициналық көмек көрсетуге, шыңға өрмелеуге және түйіндерді тоқуға қатысты. Ең үздік нәтижені экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар аула клубының командасы көрсетті. Шығармашылық блокта Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі жас туристеріне тең келер ешкім болған жоқ.

   Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық І орынды Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі «Азимут» командасы, ІІ орынды Экология және туризм орталығының «Искра» командасы, ІІІ орынды Шарбақты ауданының командасы иеленді. Аталған командалар слеттің республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.