Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқуға құштар мектеп
23-08-2022 17:03
Оқуға құштар мектеп

   Тамыз педагогикалық форумы аясында Павлодар қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Оқуға кұштар мектеп» жобасы бойынша мектеп басшыларының орынбасарларына арналған интерактивті алаңын өткізді. Семинарда білім бөлімінің пилоттық нысаны болып табылатын № 2, 9,37 орта мектептері мен №16 мектеп-лицейінің мұғалімдері, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жоба бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды.

   Бастауыш сынып, математика, орыс тілі мен әдебиеті, химия пәндерінің мұғалімдері сабақта бес минуттық міндетті оқуды ұйымдастыру тәжірибесімен, тиімді техникалары мен әдістерімен бөлісті, оқу жылдамдығын, зейінін, есте сақтауын, логикасын дамытуға көмектесетін интерактивті қосымшаларды көрсетті. Пән мұғалімдері бес минуттық оқу барысында өз жұмысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін мәтіндер жинақтарын, тапсырмаларды ұсынды. Қосымша материал оқулықтан тыс таңдалады, бірақ сабақтың тақырыбына сәйкес ол қызықты мәліметтерді, балаларды жаңа нәрселерді үйренуге және өмірлік дағдыларды қалыптастыратын ақпаратты қамтиды.

   Пилоттық мектептердің басшыларының орынбасарлары диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру, мониторинг, жоспарлау және оқу үдерісінің барлық қатысушыларын жобаға тарту бойынша тәжірибелерімен бөлісті: оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды, кітапханашыларды, мәдениет және демалыс мекемелерінің қызметкерлерін, жобадағы дамудың табыстылығына байланысты.

   Шараға 50-ден астам адам қатысып, жоғарыда аталған мектептердің 12 мұғалімі өз тәжірибелерін ортаға салды. Олардың ішінде Анна Александровна Морец, Ирина Владимировна Кайлер (№ 16), Сахимзадина Маржан Дайырғалиқызы, Шакиева Алмагүл Бақытбекқызы, Әутәліпова Салтанат Жасұланқызы (№37), Қазанғапова Манар Шакуқызы, Ташкенбаева Жамиля Көшербаевна (№ 2), Проскурина Елена Валерьевна (№9). Интерактивті секцияның модераторлары Павлодар қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Ильясова Құралай Қаматовна, Қайырғазина Шолпан Шаханқызы болды. 

  Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, жобаны дамытудың нақты жолдарын ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша білім бөлімінің әдістемелік қызметі ұсыныстар берді.