Павлодар қаласының № 9 ЖОМ 7 сынып оқушысы Соколовская Валерия Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Inside» эстрадалық би студиясының құрамында заманауи билер бойынша Қазақстан Кубогының чемпионатына қатысып, екі бірінші жүлделі орынға ие болды.
- Мен төрт би биледім, екі жеке және екі топтық би. Билердің бірі «Ave Maria» деп аталды, ол өте күрделі би болды. Мен бас жүлдені жеңіп алдым. Сондай-ақ «Африка» эстрадалық-спорттық биін биледім, ол да басты марапатқа ие болды, - дейді Валерия.
Сондай-ақ, Валерия сәуір айында үлкен топтар құрамында «Unistar Astana» республикалық көпжанрлы байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Доверие» биі үшін бас жүлдені жеңіп алды, Грузиядағы халықаралық байқауда «Изоляция» биі үшін I орын алды, «Вот это Африка!» биімен жеке өнер көрсетіп ең жоғарғы бас жүлдеге ие болды. Ол Қырғызстанда қозғалыс-қимылы ең сәнді биші деп танылды. Павлодарлық ұжым гимнастика элементтері мен хореографиялық трюктерді біріктіріп өнер көрсетеді. Бұл өте қиын, бірақ беделді жарыстарда жеңіске жетудің жалғыз жолы осындай.
- 2021 жылдан бастап студия Аrtsport мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істей бастады. Осының арқасында студияда тегін оқуға мүмкіндік туды. Менің биім жүзумен айналысуға, жақсы оқуға және сынып пен мектеп өміріне белсенді қатысуға кедергі келтірмейді, - дейді Валерия.