Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Заманауи би бойынша республикалық чемпионаттағы бас жүлде
07-09-2022 08:16
Заманауи би бойынша республикалық чемпионаттағы бас жүлде

Павлодар қаласының № 9 ЖОМ 7 сынып оқушысы Соколовская Валерия Нұрұлтан қаласында өткен «Inside» эстрадалық би студиясының құрамында заманауи билер бойынша Қазақстан Кубогының чемпионатына қатысып, екі бірінші жүлделі орынға ие болды.

- Мен төрт би биледім, екі жеке және екі топтық би. Билердің бірі «Ave Maria» деп аталды, ол өте күрделі би болды. Мен бас жүлдені жеңіп алдым. Сондай-ақ «Африка» эстрадалық-спорттық биін биледім, ол да басты марапатқа ие болды, - дейді Валерия.

Сондай-ақ, Валерия сәуір айында үлкен топтар құрамында «Unistar Astana» республикалық көпжанрлы байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Доверие» биі үшін бас жүлдені жеңіп алды, Грузиядағы халықаралық байқауда «Изоляция» биі үшін I орын алды, «Вот это Африка!» биімен жеке өнер көрсетіп ең жоғарғы бас жүлдеге ие болды. Ол Қырғызстанда қозғалыс-қимылы ең сәнді биші деп танылды. Павлодарлық ұжым гимнастика элементтері мен хореографиялық трюктерді біріктіріп өнер көрсетеді. Бұл өте қиын, бірақ беделді жарыстарда жеңіске жетудің жалғыз жолы осындай.

- 2021 жылдан бастап студия Аrtsport мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істей бастады. Осының арқасында студияда тегін оқуға мүмкіндік туды. Менің биім жүзумен айналысуға, жақсы оқуға және сынып пен мектеп өміріне белсенді қатысуға кедергі келтірмейді, - дейді Валерия.