Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп жасына дейінгі балалардың телебағдарламаға қатысуы
09-09-2022 10:40
Мектеп жасына дейінгі балалардың телебағдарламаға қатысуы

Павлодар қаласының № 37 сәбилер-балабақшасының педагогтері 5 - 6 жас аралығындағы ересектер топтың, 4 - 5 жас аралығындағы орта топтың тәрбиеленушілерімен бірге 7 қыркүйекте балалар жылына арналған «Ertis» облыстық телеарнасының «Жаңа күн» телебағдарламасына қатысты. Телеарна бағдарламасында мектепке дейінгі ұйымның жұмысы, балалар жылына арналған іс-шаралар туралы диалог өтті.

Бақшаның басшысы Жақсыбекова Нұргүл Ержанқызы өткен жылдан бастап 1 сәбилер тобы - 1 жастан бастап, 2 кіші топ - 2 жастан бастап балаларды қабылдайтынын, балалардың қауіпсіздігі үшін балабақшада сыртқы және ішкі камералар, дабыл батырмасы, өрт сигнализациясы, күзетшілер бар екенін атап өтті.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты таңдау туралы өз сөзінде мұғалімдер:

- Мен өз мамандығымды таңдағаныма өкінбеймін, баланы жан - жақты тәрбиелеуге қатысуға, олардың қабілеттерін дамытуға және олардың өсуін көру мен үшін мәртебе , - дейді тәрбиеші Абишева Әйгеім Нұркенқызы.

- Кәсіби қызметімді арттыру үшін мен «Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлауды дамыту» тақырыбында өз білімімді жетілдіріу бойынша жұмыс істеймін, күнделікті жұмыста балалардың жеке ерекшеліктерін ескеремін, - дейді 5 жылдық жұмыс өтілі бар тәрбиеші, «Ойнап үйренейік» дидактикалық ойындар жинағының авторы Райхан Айдарқызы Нұржанова.

Музыка жетекшісі Жүсіпова Жадра Бауржанқызы мектеп алды тобының тәрбиеленушілерімен бірге көрермендер үшін Тоғжан Мұратованың сөздері мен музыкасына жазылған «Балалық шақ - бақытты» әнін орындады. Хореограф Еренғайып Шынар ересек топтың тәрбиеленушілерімен түрік биін орындады.