ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-әдістемелік жиындар
12-09-2022 10:23
Алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-әдістемелік жиындар

Павлодар қаласының білім беру бөлімі әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында 2022 жылғы 7 - 9 қыркүйекте жалпы білім беретін мектептердің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері - ұйымдастырушыларымен үш күндік оқу-әдістемелік жиындар өткізді.

Бірінші күні Кенжекөл ЖОМ саптық дайындық бойынша сабақтар өткізілді - орнында бұрылу, баяндау үшін бастыққа жақындау және орнына тұру, қозғалыс барысында әскери сәлемдесуді беру. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәлімгерлер бекітілді. Оқу жылының екі аптаға ұзартылуын ескере отырып, алғашқы әскери дайындық бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаумен жұмыс жүргізілді.

Екінші оқу күнінің әдістемелік сабақтары № 30 ЖОМ өтті. Жаңа оқу жылындағы атаулы күндерге арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу жоспарлары әзірленді, жарыстарды өткізуге және дайындауға жауапты тұлғалар бекітілді. Күннің екінші жартысында 5512 әскери бөлімінің полигонына барып, жаппай қырып-жою қаруынан (ЖҚЖҚ) қорғау, атыс дайындығы бойынша сабақтар өткізді. Кедергілер жолағынан өту нормативін тапсырды. Әскери қызметті ұйымдастырумен танысты.

Сабақтың үшінші күні тактикалық алаңда өтті - дала жағдайында жорық және жауынгерлік тәртіпті игеру пысықталды.