ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас суретшілердің шығармашылығындағы әзіл-сықақ суреттер
12-09-2022 10:34
Жас суретшілердің шығармашылығындағы әзіл-сықақ суреттер

Павлодар қаласының ЮНЕСКО клубы - балалар көркемсурет мектебінің оқушылары 2022 жылдың басында Ресейдің Стерлитамак қаласында өткен «Котовасия - 2022» балалар әзіл-сықақ суреттерінің халықаралық байқауына қатысу үшін өз жұмыстарын жіберді. 

Павлодарлық қатысушылар «Декоративный кот», «Кошачий блюз», «Кот-абстракционист», «Котоолимпиада» 4 номинация бойынша өз суреттерін ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша тамыз айында мектептің 63 қатысушысынан 23 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

III дәрежелі дипломдармен 4 - 12 жастағы 7 оқушы фломастерлер, гуашьпен орындаған  «Кот на крыше», «Прогулка», «Прогулка по ночному Парижу», «Званный ужин», «Показательное выступление фигуристок», «Кошачий калейдоскоп», «Семья» жұмыстары үшін марапатталды.

Мектептің 16 тәрбиеленушісі байқаудың дипломдарымен марапатталды және байқаудың қорытынды көрмесіне - 5 жастағы - аралас техникада орындаған Невечерова Мияның «Дирижерлік таяқшаны сермеу» жұмысы, 6 жастағы - фломастермен орындаған Каван Эльдардың «Бірінші болып келді» жұмысы, 7 жастағы - гуашьпен орындалған Резниченко Алексейдің «Полосатик», гуашьпен орындалған  Бурковская Диананың «Музыкалық дуэт», бормен орындалған Халлачоглу Ирэмнің «Шуақты күн» жұмыстары, 8 жастағы - аралас техникада орындалған Гайдар Алисаның  «Үлкен сахнада», бормен орындалған Чиркина Марияның «Түнгі концерт», 9 жастағы - фломастерлермен орындалған Щербо Альбинаның «Коты-парашютисты», гуашь,пен орындалған Қайырқанова Азизаның «Шабыт» жұмыстары, 10 жастағы - аралас техникада орындаған Кривобокова Дарьяның «Мұздағы чемпиондар», аралас техникада орындалған Слямбек Айзеренің «Дуэт», гуашьпен орындалған Бехтольд Аннаның «Көңілді көңіл-күй» жұмыстары, 12 жастағы - гуашьпен орындалған Кабикен Томиристің «Бассейнде», гуашьпен орындалған Столярова Василинаның «Соңғы жанасу» жұмыстары ұсынылды.

- «Біздің оқушылар осы әзіл-сықақ байқауына қатысып, жеңіске жеткеніне бірнеше жыл болды, оларды сүйікті үй жануарлары - мысықтармен байланысты тақырып қызықтырады, оларды әртүрлі образдарда жасайды», - деп атап өтті мектеп басшысының орынбасары Масленникова Инна Владиславовна.