ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектеп мұғалімдерінің жаратылыстану-ғылыми алаңы
13-09-2022 09:26
Қала мектеп мұғалімдерінің жаратылыстану-ғылыми алаңы

Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 6 - 9 қыркүйек аралығында физика, химия, биология, география пәндері бойынша жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің ұйымдастырушылық кеңестері өткізілді. 150-ден астам мұғалім қатысты.

Жаратылыстану алаңында жұмыс бағдарламалары, типтік оқу жоспарлары, пәндерді оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауы, диагностикалық бақылау үзігін жүргізу, зертханалық және практикалық жұмыстар нормативтерді орындау, БЖБ және ТЖБ-лар талқыланды.

Жиынның бір мәселесі - қалалық мектеп мұғалімдерінің бірлестігі мен қауымдастық кеңесін құру, оның құрамына қалалық мектептердің тәжірибелі мұғалімдері кірді. Оқу-әдістемелік құралдар байқауларының қорытындысы шығарылды. Жаңа оқу жылына мұғалімдердің әдістемелік сұраныстары мен қажеттіліктері айқындалды.

Отырыста оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында шағын қалалық шығармашылық топтар (фокус-топтар) құру, оқуға деген ынтасы жоғары, үлгерімі нашар балалармен жұмыс жүргізу, олимпиадалық тапсырмалар банкін құру туралы және инклюзивті білім беруде қалыптастырушы бағалау бойынша шешімдер қабылданды.

Қалалық семинарларда, шеберлік сыныптарында, вебинарларда сөз сөйлеу арқылы заманауи және тиімді педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданудағы мұғалімдердің тәжірибесін зерделеу және қорытындылау жұмысын жетілдіру.