Облыстық футбол федерациясында 2005-2006 жылдары туған қыздар командалары арасында Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі аяқталды. Павлодар қаласының № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Аяжан Қожабекова «Турнирдің үздік ойыншысы» атанды.
- Тартысты күресте футбол орталығының тәрбиеленушілері - «Ақсу U19» командасы чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды. Аяжан жарыстың үздік жартылай қорғаушысы болып танылды», - деп хабарлады федерацияда.
Қыздарды Ксения Пестова мен Қазбек Мамиленов жаттықтырады. Аяжан 2019 жылдан бастап «Ақсу U19» құрама командасының құрамында өнер көрсетеді, 9 жасынан бастап футболмен айналысады. 2020 жылы үздік қорғаушы ретінде Шымкентке шақырылды. 2021 жылы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Хорватия, Литвада өткен «Евро - 22» іріктеу матчтарында Қазақстан U17 құрамасында өнер көрсетті. Оның ойын барысындағы ерекшелігін Швейцария командасының бас бапкері атап өтті.