Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас тарихшылардың V Республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңі туралы
13-09-2022 16:12

2022 жылғы 19 қыркүйекте сағат 10.00-де «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында «Менің кіші отаным» V Республикалық жас тарихшылардың зияткерлік конкурсының  қалалық  кезеңі өтеді. Мақсаты - облыстық кезеңде  қатысушыларды  анықтау,  туған елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды   қолдау.

Байқау қатысушылары   қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 9 - 10 сынып оқушылары болып табылады.

Конкурс екі турда өткізіледі:

І тур   Қазақстан тарихының сұрақтары  бойынша тестілеу.

ІІ тур 4 номинация бойынша өтеді.

«Менің кіші Отанымның тарихы» - оқушылар елді мекеннің тарихын таныстыру , бейне-репортаж форматында ашуы тиіс.

         «Кіші отан символы» -  қатысушылар кіші отан туралы бейне материалмен  таныстыру.

Менің кіші отанымның болашағы» - макет таныстыру форматында өтеді.

«Менің туған өлкем» - оқушылар өзінің  жергілікті мекені  туралы эссе жазады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды иеленген 4 қатысушы 2022 жылдың 15 қазанында облыстық турға қатысады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі