ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Психологиялық-педагогикалық қызметтің ата-аналар жұртшылығымен өзара іс-әрекеті
15-09-2022 09:27
Психологиялық-педагогикалық қызметтің ата-аналар жұртшылығымен өзара іс-әрекеті

Жас педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсету шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп № 26 ЖОМ «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мүшелерінің өзара әрекеттесу алгоритмі: ата-аналармен жұмыс» атты семинар-практикумды өткізді. № 5, 6, 24, 35, 40, М. Әлімбаев, Б. Момышұлы атындағы мектептің жас педагог-психологтері қатысты.

Кездесуде № 26 ЖОМ педагог-зерттеушісі, психологі, педагог-психологтердің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Тәрбие алаңы» атты психологтардың жұмыс тобының мүшесі Ирина Владимировна Карпова «Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру». Мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудағы педагог-психологтің рөлі» атты шеберлік сабағын өткізді.

Жас мамандар үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы, негізгі нормативтік актілер, мектептегі психологиялық-педагогикалық консилиумдарды ұйымдастыру ережелері, ата-аналар дәрісханалары, мектептердегі педагог-психологтардың қызметі туралы түсініктемелер берілді. Мектеп оқушыларын дамыту мен тәрбиелеу, отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жаңа жоба балалар мен ересектердің эмоционалды интеллектісін арттыруға бағытталған. Аталған жоба облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала мектептерінде іске асырылуда. 

Қатысушыларға жұмыста қолдануға арналған әдістемелік материалдар, ұсыныстар мен нұсқаулықтар берілді. Семинар материалдары қала мектептеріне жолданды.