Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Республикалық би байқауының жеңімпаздары
15-09-2022 09:24
Республикалық би байқауының жеңімпаздары

Павлодарлық бишілер Алматыдағы «Beauty Made» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды. Оған 7 - 17 жас аралығындағы Ресейден, Қазақстаннан, Өзбекстаннан бишілер қатысты.

№ 16 мектепте жұмыс істейтін «Рандеву» би-спорт клубы тәлімгерінің айтуынша, бәсекелестік өте жоғары болды, бірақ павлодарлық қатысушылар өздерін жақсы көрсетіп, үміттерімізді ақтады. Биші қыздар № 29 ЖОМ 3-сынып оқушысы Маймышева Амира, № 42 ЖОМ 3-сынып оқушысы Жамеева Айзара, Б. Момышұлы атындағы мектептің 4-сынып оқушысы Маратова Адия, № 24 ЖОМ 4-сынып оқушысы Мұрат Ясмина, № 39 ЖОМ 2-сынып оқушысы Нұрлыбекова Раяна байқау туралы үлкен қуанышпен айтты. Ұмытылмас әсер алдық. Біз басқа қатысушылармен достасып, тіл табыстық. Айта кетейік, олар бұған дейін де үлкен белестерді бағындырды, бірақ Алматыдағы халықаралық іс-шара ауқымдылығымен ерекшеленеді. Қатысушылар түрлі бағыттағы 3 би қойылымын ұсынды.

- Бұл спорттық-бал биі және эстрадалық билер. «Синий иний» биі - бас жүлдені жеңіп алды, бірінші орынды самбо стиліндегі Мадонна биі, екінші орынды эстрадалық би стиліндегі спорттық би иеленді, - сондай-ақ «Көрермендер көзайымы», «Үздік би» номинациялары бойынша дипломдарға ие болды, - деді спорттық-би клубының жетекшісі, аға жаттықтырушы - хореограф Виолетта Никитина.

Жас бишілер Түркия мен Италиядағы би турниріне шақыру алды. Әрине, байқау мұқият дайындықты талап етеді және оларға жаңа би элементтері мен техникасын меңгеру қажет болуы мүмкін.

Қыздар бимен тек 3 жыл айналысады, қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей, Алматы қалаларындағы байқауларда жеңімпаз атанып, би мансабында нәтижелерге қол жеткізді.