kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2317164
Бір айда205866
Бір аптада37938
Кеше7680
Тәулік2572
Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі туралы
15-09-2022 16:02

Қазақстан балалары жылы шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 23 қыркүйекте сағат 10.00-де республикалық балалар оқулары конкурсының I кезеңін (қалалық) өткізеді. Мақсаты - эстетикалық-адамгершілік тәрбие, қазақ және шетел әдебиетін оқумен айналысатын оқушыларды қолдау.

Мемлекеттік  тілде оқитын қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 3 - 10 сынып оқушылары     конкурс  қатысушылары болып табылады.

Байқау ережесі бойынша оқушылар  жас және оқу бағдарламасына сәйкес «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған қазақстандық және шетелдік авторлардың әдеби шығармаларын сілтемелерден оқып шығуы тиіс.

3, 4 сыныптар - бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ертегілер әлемінде» атты кітаптар (қазақ ертегілері, «Алпамыс батыр» ертегісі).

5, 6 сыныптар – «Кел, балалар, оқылық!» - орта буын оқушыларына арналған  ағайынды Гриммдердің ертегілері «Мен - апамның баласымын» тақырыбына кітаптар.

7, 8 сыныптар-жасөспірімдерге арналған «Ғасырлар тарихын жырлайды» («Ұшқан ұя», «Гүлливердің саяхаты») тақырыбына  кітаптар.

9, 10 сыныптар -  жоғары сынып  оқушыларына арналған «Ұлы дала жырлары», «Ұлы дала ұлағаты» («Көшпенділер. Алмас қылыш» І. Есенберлин, Даниэль Дефоның «Робинсон Крузо») тақырыбына  кітаптар.

Бірінші орын алған қатысушылар 2022 жылдың 14 қазанында өтетін республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңіне қатысады.

Тел.: 87757724999.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі