ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының отырысы
16-09-2022 13:59
Бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының отырысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 15 қыркүйекте Павлодар қаласы мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері басшыларының ұйымдастыру отырысы өтті.

Отырыста мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің басшылары жаңа оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатта ұсынылған оқытудың бастапқы сатысындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістер туралы мәселелерді талқылады. Бірінші сынып оқушыларына арналған типтік оқу жоспарларына, «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері» жаңа пәндерін енгізуге ерекше назар аударылды. Пәндер бойынша жиынтық бағалаудың нормалары мен критерийлері туралы мәселелер талқыланды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Кайырғазина Шолпан Шаханқызы қала педагогтерінің түрлі деңгейдегі кәсіби байқауларға қатысуы туралы мониторинг қорытындыларымен таныстырды. Педагогтердің 2022 - 2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды. Мәтіндерді құрастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында екі шығармашылық топ құру және орыс тілінен жазбаша жұмыстарды бағалау критерийлері туралы шешім қабылданды.

Отырыста қала мектептерінің бастауыш сыныптарының тәжірибелі мұғалімдері қатарынан мұғалімдер қауымдастығы, қоғамдық кеңес құрылды. Педагогтердің сұранысы бойынша практикалық семинарлар жалғасатын болады.