ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар арасындағы жеңіл атлетикалық кросс
19-09-2022 09:47
Оқушылар арасындағы жеңіл атлетикалық кросс

Ұлттық мектеп лигасының IV спартакиада бағдарламасының аясында 2022 жылдың 16 қыркүйекте «Ертіс» шаңғы базасында облыс оқушылары арасында жеңіл атлетикалық кросс өтті. 500, 1000, 2000 метрлік жүгіруге 5 - 11 сыныптардың 270-тен астам оқушысы қатысты, оның ішінде № 41, 43 мектептің 20 оқушысы бар.

Кросс қорытындысы бойынша 1000 метр жүгіруде I орынды № 43 ЖОМ 7 - 8 сынып оқушылары Дворцева Виктория, Мыскина Варвара, Черебаева Милана, Володин Никита, Галимов Георгий, Қабыкен Жәнібек иеленді. Олар облыстық команданың құрамында республикалық финалдық жарыстарға қатысады.

Жалпы есепте 500 метрге жүгіруде № 41 ЖОМ 5 - 6 сынып оқушылары VII орынды алды. 2000 метрге жүгіруде № 43 ЖОМ 9 - 11 сынып оқушылары жалпы есепте IV орын алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық білім беру басқармасының грамоталарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды. Павлодарлық команда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аюпов Аман Серікұлының басшылығымен жарысқа қатысты.