Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 16 қыркүйекте қала мектептерінің сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері басшыларының отырысы өтті.
Отырыста Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы «2022 - 2023 оқу жылында Қазақстан Республикасында орта білім берудің оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың ұсыныстары туралы түсіндірді.
«Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Күренбаева Жұмагүл Иманжұпарқызы «Дарынды балалармен жұмыста сынып жетекшісінің рөлі туралы» баяндамамен, бөлім меңгерушісі Айдарханова Раушан Манапқызы «Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру туралы» жылдық жоспармен таныстырды. Жоспарда мерейтой, атаулы күндер, үйірме жұмыстары, тәрбие жұмыстары бойынша байқаулар қарастырылған.
М. Әлімбаев атындағы ЖОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аубакирова Самал Тілектесқызы «Сынып жетекшілердің жұмысындағы нормативтік құжаттар» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Отырыста қала мектептерінің сынып жетекшілерінің қауымдастығы құрылды, қауымдастықтың төрағасы № 18 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мұстафин Рустам Маратұлы. Педагогтердің сұранысы бойынша жоспарлы практикалық семинарлар жалғасатын болады.