Қалалық жас педагогтер арасында КТК өткізу туралы
Павлодар қаласының білім беру бөлімі мен Павлодар қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы жас педагогтер кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық педагогтер арасында КТК өткізеді.
Мақсаты: жастар қозғалысын дамыту.
Іріктеу туры 2022 жылдың 20 қазанынан 25 қазанына дейін өтеді, КВН финалы 2022 жылдың 4 қарашасында өтеді.
Командалар 35 жасқа дейінгі жас педагогтардан құралады. Команданың сандық құрамы - 7 адам.
Өтінімдер ағымдағы жылдың 12 қазанына дейін metod@goo.edu.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі