Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Классикалық шахматтан облыс чемпионатының жүлдегері
22-09-2022 10:04
Классикалық шахматтан облыс чемпионатының жүлдегері

Павлодар қаласының № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Барлыбаева Дана классикалық шахматтан қыздар арасындағы облыс чемпионатына қатысып, III орынды иеленді. Чемпионат № 1 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті, ұйымдастырушы облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы болып табылады, оған 7 - 50 жас аралығындағы 100-ден астам қатысушы қатысты.

- Шахматпен 10 жасымнан бері айналысамын. Екібастұздағы шахмат үйінен бастадым, қазіргі уақытта № 3 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде айналысамын, жаттықтырушы Ульяна Валентиновна Захарова, - дейді Дана.

Дана шахматтан екінші разрядқа ие, 2021 жылы 14 жасқа дейінгі қыздар арасында қаланың ашық чемпионатында, «Kaz Petrol Goup» ЖШС жүлдесіне арналған шахмат фестивалінде жылдам шахмат бойынша III орынды, республикалық турнирде V орынды иеленді.

Мектепте ол жақсы оқиды, логикалық ойлауды қажет ететін жаратылыстану-математикалық пәндерге көп көңіл бөледі. Үйде ол кіші сіңлісіне шахмат комбинациясын игеруге көмектеседі.

Мектепте 2019 жылдан бастап шахмат кабинетінде үйірме жұмыс істейді, 1 - 4 сыныптардың 250-ден астам оқушысы шахматпен айналысады. Сабақтар логикалық ойлаудың әртүрлі тактикаларын қолдана отырып, шахматтық шайқаста өтеді.