Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында 2022 жылғы 21 қыркүйекте аға тәлімгерлердің «Жаңа жол, жаңа мақсаттар» ұйымдастыру отырысы өтті. Мақсаты - орталықтың аға тәлімгерлермен бірлескен жұмысы, ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастыру.
Семинарда «Павлодар дарыны» орталығының жаппай-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Р. М. Айдарханова 2022 - 2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Жоспарда мерейтой, атаулы күндер, көрнекті өнер қайраткерлері, ақындар мен жазушылар бойынша іс-шаралар, тәрбие жұмысының бағыттары бойынша конкурстар, оқушыларды қызығушылықтары бойынша бос уақытының қамтылуы жоспарланған.
«Мектептегі аға тәлімгердің рөлі» тақырыбында № 26 ЖОМ тәлімгері Д. А. Грейнштейн баяндама жасады. Ол мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару қызметі туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, «Жас Ұлан» балалар бірлестігінің дамуы , еріктілер қозғалысын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау туралы айтты. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді, әдістемелік материалдармен алмасу болды.