ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас туристердің жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша жетістіктері
23-09-2022 10:11
Жас туристердің жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша жетістіктері

Дене шынықтыру және спорт басқармасы Павлодар облысының спорттық бағдарлау Федерациясымен бірлесіп жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша облыс кубогына жарыстар өткізді. Жарыс 2022 жылдың 18 қыркүйегінде Усолка өзенінің жайылмасы ауданында өтті. Екібастұз, Павлодар ауданы, Павлодар педагогикалық университетінің студенттері, облыстың бағдарлау әуесқойлары мен ардагерлері әр түрлі жастағы 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар аула клубының «Вертикаль», «Эдельвейс» туристік клубтарының 33 тәрбиеленушісі бар.

Жарыстың картасы мен қашықтығының суретін «Вертикаль» клубының педагогтары мен аға тәрбиеленушілері орындады, жаңа картаны Астана қаласының спортшысы, спорттық бағдарлау бойынша халықаралық санаттағы спорт шебері, халықаралық жарыстар қатысушы Төлеубаев Әділ тексерді.

Қашықтықты өту қорытындысы бойынша жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша жарысқа қатысушылар жақсы нәтижелер көрсетіп, 21 жүлделі орынға ие болды. «Элита» тобында қыздар - I, II. III орын, «Элита» тобындағы ұлдар - II. III орын, W 18 тобындағы ұлдар мен қыздар - 2 екінші орын, М16 - I, II. III орын, W16 - I, II. III орын, М14 - I орын, W14 - I, III орын, М12 - I, III орын, W12 - I, II орын.

- Жас туристердің келесі старты облыстың балалар туризмі мен бағдарлауды дамытудың бастауында тұрған Кольцовтар Алевтина Сергеевна мен Леонид Николаевичті еске алуға арналған дәстүрлі жарыстарда болады. Бүгінгі таңда олардың жұмысын шәкірттері мен пікірлестері жалғастыруда, - дейді Қосымша білім беру мұғалімі, «Вертикаль» туристік клубының жетекшісі Оксана Владимировна Дьяченко.