ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептердегі логопедиялық жұмыстың рөлі
27-09-2022 11:08
Мектептердегі логопедиялық жұмыстың рөлі

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 26 мектептің облыстық ресурстық орталығымен бірлесіп «Мектептің жалпы білім беру кеңістігіндегі логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары» атты семинарды өткізді. № 2, 5, 6, 9 (2), 14, 15 (9), 16 , 18, 20, 24, 25 (2), 26, 29, 33, 34, 39 (2), 40, Қ. Мақпалеев, Б. Момышұлы, Қ. Бекхожин, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 35 логопед-мұғалімдері қатысты.

Семинар-практикумда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрахметова Шолпан Саменқызы «Мектептің жалпы білім беру кеңістігіндегі логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары» тақырыбында сөз сөйледі. Логопункт қызметінің басым бағыттарына, логопед-мұғалімдер қауымдастығын құруға басты назар аударылды. «2022 - 2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың өзгерістері туралы түсініктемелер берілді. Логопед-мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің өткен оқу жылындағы жұмысы және жаңа оқу жылына арналған міндеттері қорытындыланды.

Қалалық логопедтер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, № 26 ЖОМ логопед-мұғалімі, педагог-зерттеуші Юлия Анатольевна Пшенко «Мектеп логопунктінде логопед-мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру туралы» жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол нормативтік құжаттармен таныстырды, диагностика, журналдарды жүргізу, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берді. Сейтжанова Ляззат Қабиденқызы, № 39 ЖОМ логопед-мұғалімі «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі. Қалалық логопед-мұғалімдер қауымдастығының жетекшісі Татьяна Александровна Прокопенконың қалалық қауымдастықтың жұмыс жоспары мен циклограммасын ұсынды, қауымдастық мүшелерінің кандидатураларымен таныстырды.

Практикалық бөлімде қатысушылар жұмыс тәжірибесімен алмасу, әдістемелік құралдар мен авторлық бағдарламаларды дайындау және шығару, логопунктардың, жас логопед мектебінің қызметін ұйымдастыру бойынша одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсыныстар, қажеттіліктер картасын толтырды. Семинар материалдары қала мектептеріне жолданды.