ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық зияткерлік олимпиадада 2 жүлделі орын
28-09-2022 20:48
Облыстық зияткерлік олимпиадада 2 жүлделі орын

III облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындылары 2022 жылғы 28 қыркүйекте шығарылды. Олимпиадаға облыс аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 9 - 11 сыныптарының 50 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының № 40 (2) жалпы білім беретін мектептерінің, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ 4 оқушысы қатысты.  Мақсаты-оқушылардың оқу мәдениетін дамытуда шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау, рухани-адамгершілік тәрбие беру, туған өлке тарихына танымдық қызығушылығын арттыру.

- Зияткерлік пәнаралық олимпиада Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті бойынша білімді жүйелеуге, көркем шығармалармен, мектеп бағдарламасынан тыс танысуға бағытталған. Олимпиада оқушыларға күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілетін тексеруге, нақты материалдарға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді  дейді,  - «Павлодар дарыны» орталығы  әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жумагүл Куренбаева.

Олимпиада екі турда өтті - Қазақстан тарихы мен Қазақ әдебиеті бойынша тест тапсырмаларын орындап, Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесі бойынша 3 тақырыптың біріне «Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі Ұлпан бейнесі (дәлелдемелер келтіре отырып сыни талдау)», «Автор романдағы тарихи тұлғалардың бейнелерін қалай жеткізді «Ұлпан», «Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі қазақ халқының өмір салтын бейнелеу (тарихи кезең, оқиғалар, салт-дәстүрлер)».

Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша Қабыкен Мөлдір, № 40 ЖОМ 9 сынып оқушысы І орынды, № 40 ЖОМ 10 сынып оқушысы Тулеу  Мәдина ІІІ орынды иеленді. Олар эссе үшін «Автор «Ұлпан» романындағы тарихи тұлғалардың бейнелерін қалай жеткізді» тақырыбын таңдады және Есеней, Ұлпан, Торсан бейнелерін сауатты, мазмұнды түрде аша алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.