ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
М. Әуезовтің мерейтойына арналған жас суретшілер көрмесі
29-09-2022 12:31
М. Әуезовтің мерейтойына арналған жас суретшілер көрмесі

Облыстық көркемсурет мұражайында балалар суреттерінің жазғы байқауының қорытындысы бойынша 26 қыркүйекте М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған үздік балалар суреттері көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, суретші Алексей Александрович Балиннің төрағалық етуімен 10 - 13 жас, 14 - 16 жас аралығындағы 12 жүлдегер анықталды.

Көрмеде М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған жазғы облыстық балалар суреті байқауының жеңімпаздары мен авторлары марапатталды. Байқау Павлодар қаласының көркемсурет мектебі мен облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп өткізілді.

I орынды гуашь техникасында орындалған «Серый лютый» жұмысы үшін 13 жастағы Анастасия Григораш, аралас техникада орындаған «Эпос Манас» жұмысы үшін 13 жастағы Инзара Мерлан, графика жұмысында орындаған «Абай жолы» жұмысы үшін 16 жастағы Русия Жукан, түрлі-түсті қарындаштармен орындалған «Серый лютый» жұмысы үшін 15 жастағы Анастасия Пичахчи алды.

II орынды аралас техникада орындаған  «Абай жолы» жұмысы үшін 12 жастағы Досахметова Сабина, гуашь техникасында орындаған «Еңлік Кебек» жұмысы үшін 13 жастағы Мүсәлім Диляра, аралас техникада орындаған «Құрмаш пен Көксерек» жұмысы үшін 14 жастағы Кунязова Дана, гуашь техникасында орындаған «Махаббат жолы» жұмысы үшін 14 жастағы Айтбаева Айяжан иеленді.

III орынды гуашь техникасында орындаған «Жетім» жұмысы үшін 11 жастағы Киноятов Ислам, гуашь техникасында орындаған «Серый лютый» жұмысы үшін 13 жастағы Богданович Милан, акварель техникасында орындаған «Абай жолы» жұмысы үшін 15 жастағы Балтабаева Дария, гуашь техникасында орындаған «Серый лютый» жұмысы үшін 14 жастағы Кадешова Камила алды.

- Байқауға облыстың 17 оқу орнынан барлығы 73 оқушы қатысты. Сурет салып, осы байқауға қатыспас бұрын балалар М. Әуезовтің шығармасын оқып, оның шығармаларының кейіпкерлерімен танысты. Әсіресе балаларға «Серый лютый» (Көк сұр) әңгімесі ұнады. Көрмеге қатысушылар бұл туындыны жан - дүниесімен сезінді, бұл оларды мейірімді етеді және қоршаған әлемді сүюге үйретеді», - дейді көркемсурет мектебінің жетекшісі Ляйля Мүкәрәмқызы Мағзамова.