ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алғашқы әскери дайындық бойынша қалалық жарыстар
29-09-2022 14:45
Алғашқы әскери дайындық бойынша қалалық жарыстар

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Кенжекөл жалпы орта білім беретін мектебінде ауған соғысы ардагерлерінің кубогына алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша қалалық жарыстар өткізілді. № 19, 30, 18, 11, 35, 5, 43, 26, М. Әуезов, Кенжекөл мектептерінің 9-10 сыныптарының 30 оқушысы қатысты.

Жарыс бағдарламасына уақытқа кедергілер жолағынан өту кірді. Жарыс шарты бойынша әрбір қатысушы қысқа уақыт ішінде кедергінің әрбір шебінен өтуі керек.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Кенжекөл ЖОМ командасы, екінші орынды № 18 ЖОМ командасы, үшінші орынды № 11 ЖОМ командасы иеленді.

Командалар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен және медальдармен марапатталды, жеңімпаздарға ауыспалы кубокты Павлодар қаласының «Ауған соғысының және оқшау соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ директорының орынбасары Төлеген Жәмитұлы Кокумбаев табыстады. Алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы мұғалімдер Т. А. Тайкебаев, Н. Ж. Тасыбаев, Б. С. Тілеубаев грамоталармен марапатталды.