ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке жол» акциясын іске асыру бойынша жұмыстың қорытындысы
04-10-2022 09:12
«Мектепке жол» акциясын іске асыру бойынша  жұмыстың қорытындысы

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету мақсатында Павлодар қаласында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті.

Акция аясында қайырымдылық іс-шаралар, тұрмысы нашар, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға 1228 рейд өткізілді. Рейдтерге білім беру, ішкі істер, әлеуметтік қызмет органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қоғамдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының 209 өкілі қатысты.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында білім беру ұйымдары, меценаттар, қала кәсіпорындары бюджеттен тыс қаражат есебінен жалпы сомасы 10560,0 теңгеге 1652 оқушыға көмек көрсетті.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі әкімдікпен бірлесіп 2022 жылғы 20 және 27 тамызда «Квазар» базарының аумағында мектеп жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде ата-аналар балаларға арналған мектеп, спорт формасын және кеңсе тауарларын сатып алды. Қаланың 10-ға жуық кәсіпкерлері мектеп тауарларының өнімдерін жыл сайынғы жәрмеңкеге шығарды.

«Алғаш рет бірінші сыныпқа» акциясы аясында «Антошка» дүкенімен көмек көрсетілді, болашақ бірінші сынып оқушыларына балалар тауарларын сатып алуға 20% жеңілдікпен купондар берілді.

Акция барысы туралы материалдар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің сайттарында орналастырылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», сенім телефондарының жұмысы ұйымдастырылды. Барлық мектептерде акция бойынша ақпараттық стендтер ресімделді, шағын аудандарда ақпараттық парақшалар орналастырылды.

«Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 3832 балаға жалпы сомасы 112269638 теңге, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен - 21635590 теңгеге материалдық көмек көрсетілді.