Өткізу күні: 06.10. 2022 жыл
Өткізу уақыты: сағат 10.00
Өтетін орны: № 35 ЖОМ
Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» орталығы.
Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жоғары адамгершілікті, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азаматты қалыптастыру.
Слет бағдарламасына 3 конкурс енгізіледі.
Мектепке іргелес шағын аудан тұрғындарымен «Адал ұрпақ» ерікті клубының жұмысы «Жемқорлықсыз өмір - Адал өмір» бейнеролигі.
«Жемқорлыққа қарсы - болашақ ұрпақ» тақырыбында театрландырылған қойылым байқауы.
«Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» презентациясы – 2021 - 2022 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы есеп.
Жобаның өткізілуі мен қорытындылары туралы ақпаратты БА-та, «Павлодар дарыны» орталығының сайтында орналастырады.
Жобаға қатысушылар - 11 - 17 жас аралығындағы 13 жалпы білім беретін мектебі қатысады (командада кемінде 10 бала).
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалары «Павлодар дарыны» орталығының ІІ, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Қосымша ақпаратты мына тел. 8-718-2-62-72-09 алуға болады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі