ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Президентінің Павлодарлық педагогтермен кездесуі
06-10-2022 10:39
Қазақстан Президентінің Павлодарлық педагогтермен кездесуі

Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған кезде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған облыс педагогтарымен кездесті.

Кездеусге Павлодар қаласынан білім беру ұйымдарының педагогтері - М. Әлімбаев атындағы мектебінің басшы орынбасары Бахатхан Оразбек, №16 мектеп-лицейінің бастауыш сыныбының мұғалімі Жаксылыкова Жанара Жумагуловна, М. Әуезов атындағы мектептің информатика мұғалімі Мажитова Самал Сактасыновна, № 28 мектептің информатика мұғалімі Поляков Илья Олегович, № 19 мектептің информатика мұғалімі Серикбаев Алмас Сансызбаевич, № 19 мектептің тарих пәнінің мұғлімі Кузембаев Аян Сансызбаевич, № 14 мектептің басшысы Сачанов  Асхат Тюлюгенович, № 33 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Абильдинова Сания Сатыбаевна, № 6 мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиешісі Нурахметова  Альмира Сапарбаевна қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев оларды Дүниежүзілік Ұстаз күнімен және қазақстандық педагогтардың өткен кәсіби мерекесімен құттықтады.

- Мұғалім болу - ең абыройлы еңбек. Сонымен бірге бұл - өте жауапты жұмыс. Ұстаздық - қасиетті қызмет десек те артық емес. Себебі әр шәкірттің тұлға болып қалыптасуында ұстаздың орны ерекше, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы ұлттың қайта өрлеу орталықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық көптеген танымал ғалым осы өңірде өскен және қазіргі педагогтар аға бауынның ізін жалғап келеді.

- Жастарымыздың отаншыл, әділ, адал және еңбекқор болып өсуіне ұстаздың қосатын үлесі орасан зор. Біз жастардың еңбекке құлшынысын арттыруымыз қажет. Әділетті Қазақстанда еңбек адамы ең бірінші орында тұрады. Себебі отаншылдық, ең алдымен, туған еліңің игілігі үшін қызмет ету деген сөз. Ол үшін, әрине, еңбекқор, іскер болу керек. Әркім өз болашағына өзі жауапты екенін жастар бала кезден терең ұғынып өсуге тиіс. Бұл идеялардың бәрін балалардың санасына міндетті түрде сіңіру керек. Ұлы Абай айтқан «Толық адам» ұғымы - болмысы кемел, көзқарасы терең, көкірегі ояу, еңбекқор адам дегенді білдіреді. Халқымыз «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» бекер айтпаған, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Черчилльдің «Мұғалімдерде мемлекет басшылары армандайтын билік бар» деген сөзін тілге тиек етіп, мектептерде жеке адамның да, тұтас мемлекеттердің де шынайы бәсекелестік негізі қаланатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін қайта жаңғырту керек екенін айтты.

Президенттің айтуынша, біз ұлттық дәстүрлерімізді сақтай отырып, қоғамда прогрессивті ұғымдарды белсенді дәріптеуіміз қажет. Бұл - еңбекқорлық, білім культі, өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, іскерлік, ұқыптылық, сыни ойлау сынды қасиеттер.

Президент ұлттың жаңа қарым-қабілеттерін қалыптастыруда және Әділетті Қазақстанды құруда мұғалімдер шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді.

Павлодар облысының педагогтар қауымының атынан Мұзафар Әлімбаев атындағы орта мектептің музыка мұғалімі де Оразбек Бақытхан сөз сөйледі.