Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
KГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 11 Г. ПАВЛОДАР»
07-10-2022 09:50
KГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 11 Г. ПАВЛОДАР»

Асем Геннадьевна Қайырбаева

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

«Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамытуда АКТ-ны

 қолданудың тиімді жолдары»

 

«Эффективные способы использования  ИКТ в развитии речевых навыков учащихся»

 

Тілді үйретуде  ұстаздар көптеген мәселелерге тап болады. Ол әдістерді дұрыс тандамауы, оқыту жүйесін дұрыс ұйымдастырмағандығы, әдістерді қалай қолдану керектігі және тб.  Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет. Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, жаңа тәсілдерді енгізу. Мұғалімнің қазіргі кездегі міндеті- АКТ технологияларды меңгеру және оқушыларға үйрету. АКТ технологиясын сабақта қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Сол кезде ғана сабақта теория мен практиканы ұштастыра аласың.  Ақпараттық технологиялардың бірі – интербелсенді тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтарым. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пәнді меңгерту мақсатында интербелсенді тақтаны пайдаланған маңызды .

Сапалы электронды оқулық қашықтықтан оқытуға, тіл үйренушінің өздігінен оқып үйренуіне мүмкіндік береді. Тиімді әдіс-тәсілдерді электронды оқулықта қолдану - сапалы сабақ кепілі.  

Қазіргі танда қашықтықтан оқытуда ZOOM платформасы арқылы  электронды кешендерді кенінен пайдаланамын.  Бұл өте қолайлы. Ал графикалық органайзерлерге келетін болсақ, оған келесі әдістер жатады: тұжырымдамалық карта, кестелер, Венн диаграммалары. Венн диаграммасы ортада қиылысатын екі немесе одан да көп шеңберлерден тұрады. Екі нысанның ұқсастығы мен айырмашылығын табу үшін қолдануға болады.  Контекстке сүйене отырып кеңістіктері толтырылды.  Сабақтарда «топтастыру» стратегиясын да жиі қолданамын. Әсіресе, қазіргі танда балаларға ZOOM арқылы сабақ бергенде өте тиімді.  «Ішіне –сыртына» стратегиясы. Батырманы басу арқылы дұрыс жауап шығып, оқушылар өздерінің жұмысын тексереді. Жаңа сөздермен жұмыс жасау барысында тапсырмаларды түрлендіріп берген дұрыс. Сөздерді топтастыру, іріктеу, бос орынға қою сияқты тапсырмалар арқылы  оқушылар сөздерді тез арада  есте сақтап отырады. Жаңа сөздерді қалай үйрету керек?. Сонымен қатар сөзді меңгерту барысында синонимдік қатарды  мейлінше беріп отырамын. 6-сыныпқа арналған электронды кешенді ZOOM платформасы арқылы сабақ бергенде  жасаған осы әдістер арқылы тапсырмаларды кенінен пайдаланамын. Microsoft PowerPoint бағдарламасы арқылы бұл әдістерді сабақта өте тиімді қолдануға болады. Жаңа тақырыпты өту кезеңінде немесе мәтінмен жұмыс барысында жиі қолданамын.

Сонымен, оқуда АКТ мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.  Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.   АКТ мүмкіндіктері арқылы орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған болу керек, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетуі керек.

Кешенді тапсырмаларды әзірлеу, әрине, көп уақытты қажет етеді.  Оқушылар АКТ мүмкіндіктері арқылы құрастырған тапсырманы қызығушылықпен орындайды. 

Қорыта келе, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа тақырыпты өтуде стратегияларды, әдістерді АКТ көмегімен меңгерту қазіргі  мектеп жасындағы балалардың:

•               сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

•               нақты өз деңгейінде бағаланады;

•               жеке қабілеті айқындалады;                 

•               өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

•               даму деңгейі айқын болады.

•               Ойын жеткізе алады, дәлелдеуге үйренеді

Қазақ тілі мен әдебиет  пәні бойынша оқушылардың білім  сапасы

 

Диаграммада көріп отырғандай 3 жылды көрсетіп отырмын. 8Б-сыныптың білім сапасы 43-тен 56-ға  көтерілсе, 8В-сыныпта білім сапасы 62%, 8Г-сыныпта 58%-ға өскенін көреміз. Осындай көрсеткішке жету жолында көптеген қиындықтар кездесті. Дегенмен жүргізілген жұмыстың нәтижелілігі диаграммада көрсетілген.

Жұмысымның жоспары үш кезеңнен тұрды.

1 Кезең  Кезеңнің мақсаты: материалды табу, жинақтау, өзектілігін табу. Қалып, шаблон, интербелсенді тақта, тірек сөздердің дайын үлгілерін ұсына отырып, оқушыны көбірек сөйлеуге үйрету             .

Нәтиже: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.

2 КезеңКезеңнің мақсаты: Іс тәжірибе, жасаған  жұмысты сабақта қолдану.Оқушылар бұл тапсырмаларды қалай орындайтының бақылау. Жіберілген қателіктерді түзету.   

Нәтиже: оқушылар өздігінен жұмыс жасау жолдарын біледі. Электронды оқулықпен жұмыс жасауды үйренеді.

3 Кезең Кезеңнің мақсаты: Жинақтап, қорыту. Шыққан нәтижені талдау, өзектілігін шығару

Нәтиже: электронды оқулық шығару.

Осы жоспар бойынша жүйелі түрде әрбір кезеңнің мақсатына қол жеткіздім.