ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ
07-10-2022 11:03
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ»  КММ

Айнұр Хасанқызы Иманова

 

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

 

Дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық ойындары арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту

Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен танысады.Оқушылар проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға үйренеді.

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы   тоқтада екі адам арасында ойналады.Ойын тоқтасы – 2 қазан 18 отау,162 құмалақтан тұрады.Ойын басында әр ойыншыға бір қазан,тоғыз тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.Алғашы ойыншы –бастаушы,қарымта жүріс жасаған ойыншы – қостаушы деп атайды.Кейде бастаушы үшін-ақ жағы қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.Бұл жерде -№1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9- отаулар    Жүріс жасау ерекшеліктері  Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі.Жүрісті кімнін жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

1.Жүріс жасау үшін өз жағыныздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып,солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз.Егер соң құмалақ қарсыластыі тақ санды құмалағы бар отауы на түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алын өз қазынамызға салынады.Егер соңғы құмалақ ұарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп ( 3 құмалақтан басқа),тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.Жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы құмалақпен 10 болып ұтып алынады және қазанға салынады.

2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.   

3.Жүріс жасаған кезде ққмалақ салмай 2-3 құмалаққа бөліп алып жүруге болмайды.Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластын отауын ұтып алуға да болады.Оны ежелде – «тұзды үй», қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

4. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде,қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратұан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақ бірге отау да ұтып алынып,ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.Енлі жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ,міндетті түрде сіздің қазынанызға салынып отырады.Тұздық алынған отауға арнай белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді.Осы жағдайда қостаушы ойыншы № 7 отаудағы 10 құмалақ тарату арқылы,соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп,ондағы 2 құмалақы үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар,осы отауға тұздық жарияланады.Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау қостаушысы меншігіне айналады.

                5.Тұздық ойында бір рет алынатын және №9 отаудан ешқашан алынбайды.6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.7.Ойыншылардың бірінен отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып,жүріссіз қалуы-атсырау деп аталады.8.Атастыруға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қалпына салып алады.  Егер «атсырау» жағдайынында қосымша жүріс жүрілген кезде,құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп,жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.

Бала үнемі партада қозалыссыз отырып ойнамайды, спортзалда, далада алаңда қозғалып жүріпте «Тоғызқұмалақ» ойынын ойнайды.Ойнап жүріп ойын ережесін тез үйренеді.Ең бастысы ойын кезінде бала әрбір жүріс қадамына ойланады,жүргеннен кейін келесі жүрісті мұқият есептейді.Ойынды шапшан ойлап ойнау жылдам шешім қабылдағыштыққа тәрбелейді.Көпшіл болып оқушы-оқушы,мұғалім-оқушы қарым-қатынасын нығайтуға тәрьиелейді. Әлеуметтік. Танымдық үрдістер жүзеге асырылады.Бұл ойындарда бала тек математика ғана емес,басқа пәндерді де жетік меңгеруді үйренеді,дәл осыны басұа пән пән мұғалімдері пайдаланса,тіпті жақсы болар еді. Мысалы  тарих пәні мұғалімдері «Тоғызқұмалақ» ойынын сергіту сәтіне немесе ойынсабақ ретінде пайдалынса, қажетті ақпараттарды тез жаттап алар еді.Сол сияқты әдебиет пән мұғалімдері шығарма авторлары,кейіпкерлері туралы ақпараттарды тез меңгеру үшін пайдалана алады.Ойында Блум таксономиясының барлық деңгейі қамтылады.Бұл сергіту сәтінде қалыптастырушы бағалау әдісі де жүзеге асырылады.