Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 26 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ
07-10-2022 10:10
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 26 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ

Ғайнигүл Манатайқызы Жакупова

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Факультатив сабақтарында ақпараттық құралдарды қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту («Павлодар-қасиетті жер» авторлық бағдарламасының негізінде құрастырылды)

 

Развитие речи учащихся посредством использования информационных средств на факультативных занятиях (составлено на основе авторской программы " Павлодар-священная земля»)

 

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану мақсатында көптеген материалдар жинақталды. Соның негізінде оқушылардың  сөйлеу әрекеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған факультативтік сабақтарда қолданылатын авторлық бағдарлама құрастырылды. Бағдарламаның негізінде ақпараттық құралдардың барлық мүмкіндіктерін қолданатын электрондық оқулық құрастырылды.

Бағдарлама оқушылардың өз өлкесінің табиғаты, байлығы, мәдениеті туралы түсініктерін, білімдерін кеңейтуге бағытталған. Еліміздің, Павлодар облысының табиғаты мен мәдениеті туралы теориялық білімдерін және өздігінен түйіндеген мәселелерін оқуға, өмірдегі кез-келген жағдаяттарда дұрыс, ойланып қолдана білуге көмектесуге арналған. Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, оларды Елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған өлкетану ісін дамыту мәселесі менің аталған бағдарламама негіз болды. Өз Отанын сүюді өскен өлкелерінен бастаулары керек. Өскелең ұрпаққа өлкетану бағытын  таныстыру, оқыту, түсіндіру және оны қолдана білу менің бағдарламамның жаңалығы болып табылады.

Ақпараттық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше, ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны даусыз. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интерактивтік тақта көмегімен болмақ.

Ақпараттық коммуникациялық технология оқушының жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы компьютерлік технологияны үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың. Сол себептенде компьютерлік технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Мұғалімдірдің алдына қойылған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп, оқушылардың сөйлеу дағдысын, қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Әрбір компьютерлік технология оқушының өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Қоғам талабына сай қазақ тілін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқытып, сөйлеу дағдыларын дамыту. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да, өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету.

Менің  ойымша,  қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді, компьютерді қолдану оқушылардың шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ.   Тәжірибені жинақтау барысында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың  сөйлеу әрекеттерін дамыту мақсаты қойылған еді. Осы мақсатқа жету барысында «Факультатив сабақтарында ақпараттық құралдарды қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» атты факультативтік бағдарлама («Павлодар-қасиетті жер» авторлық бағдарламасының негізінде) өткізіледі. Осы бағдарламаның негізінде қазіргі қашықтықта оқыту және оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламаға қосымша электрондық оқулық құрастырылды. Осы электронды оқулықтың негізінде қосымша тапсырмалар құрастырдым және оқушының таным шеңберін арттыруға тырыстым.

Бағдарламаның негізгі міндеті:

1.             Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану;

2.             Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту;

3.             Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру болды. Осы міндеттер біртіндеп орындалды. Оны жоғарыдағы диаграммадан көруге болады.

Зум жүйесінде өткізілген сабақ үлгісі.

Оқушылар «Диалогты өз сөзіңмен толықтырып көр және дұрыс жауабымен салыстыр» тапсырмасын орындады.

Тақырып «Екібастұз қаласы». Тапсырма «Бос орындарға өз ойларынды жазып, диалогты толықтырыңдар, білімдеріңді тексеріңдер». Оқушылар мәтінді оқыды. Аударды. Бос торкөздердің орнына өз ойларын жазуға тырысты. Туған өлкелері туралы білімдерін анықтады. Оқушылар жазып болған соң, тапсырманы тексеріп көрдік.  Оқушылар өз білімдерін толықтыруға тырысты. 

Қорыта айтқанда, сабақта АҚТ-ның мүмкіндіктерін қолдану оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлау және сөйлеу қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі.