Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
КГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 28 ГОРОДА ПАВЛОДАР»
07-10-2022 10:12
КГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 28 ГОРОДА ПАВЛОДАР»

Бақтылы Иланбекқызы Есембаева

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі пәнінен 4 сынып бойынша инклюзивті оқыту бағдарламасы мен оқыту материалдары (оқыту қазақ тілінде емес мектептерде)

 

Инклюзивная учебная программа и дидактические материалы по казахскому языку для 4 класса (для школ с неказахским языком обучения)

Инклюзивті білім беру- бұл балаларды ажырататын кедергілерді жоюға, жасына, жынысына, этика, діни көзқарасына, дамудағы кемшілігіне және экономикалық жағдайына қарамастан барлық балаларды жалпы білім беру процесіне және әлеуметтік бейімдеуге толықтай енгізуге бағытталған мемлекет саясаты.

Осыған орай, қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыту сыныптары біртіңдеп ашылуда. Яғни психикалық дамуы жағынан немесе басқа да қажеттілігі бар, дамуы тежелген оқушылар басқа оқушылармен бірге білім алуда. Инклюзивті оқытудың пайдасы – басқа балалармен қатынасу барысында қажеттілігі бар балалардың маторика, когнитивті, тілдік, әлеуметтік, эмоциялық дағдылары дамиды. Дағдылары дамыса, оларды өмірде пайдалана алады.

Әр оқушының эмоционалдық және психикалық танымы өзгеше. Сондықтан да қазіргі уақытта әр оқушыға тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие беріп қана қоймай, сапалы білім беру өзекті өмір талабы болып отыр.

Менің ұсынып отырған  «Қазақ тілі пәнінен 4 сынып бойынша инклюзивті оқыту бағдарламасы мен материалдары» оқыту қазақ тілінде емес мектептерде психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту үшін құрастырылды.

Құрастыруда ескерілген оқушылардың психофизикалық ерекшеліктері, жеке дара қабілеттері ескерілді. Олар:

Баланың көңіл-күй, ерік- жігерінің шикілігі;

Алаңдаушылығының жоғарылығы;

Қоршаған ортаны баяу қабылдауы;

Өзгерістерді көбіне көру арқылы ғана есте сақтай алатындығы;

Психикалық дамуының тежелуі;

Тілдік жүйесінің дұрыс дамымауы;

Ойлау жүйесінің дұрыс дамымауы;

Оқыту кезеңінде қажетті логикалық, операциялық, анализдеу сынды әрекеттерінің қалыптаспауы.

Мақсаты:

Тіл дамыту, ойлау дағдысын қалыптастыру;

Қазақ тілі пәні бойынша лексика, фонетика, грамматика бойынша  алған алғашқы  білімдерін тиянақтау, дамыту;

Сауатты жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру;

Қысқа диалогтерге қатысып, кішігірім монолог құра білуге баулу;

Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, эмоциялық дағдыларын дамыту, танымын жетілдіру;

Бағдарлама бойынша арнайы білік, дағдыларын қалыптастыру, игерту және оларды пайдалану.

 Міндеттері:

Сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлерін игеруге жағдай жасау; (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым)

сөз қорын молайтуға, түрлі сөздікпен жұмыс жасай алуына жағдай жасау;

оқушының эстетикалық, эмоционалдық, танымдық дамуына жағдай жасау;

 Түзете-дамыта оқытудың міндеттері мен әлеуметтік бейімделудің шешімі:

қоршаған орта туралы көзқарастарын өмірмен  байланыстыра отыра кеңейтіп, сөздік қорларын молайту;

бір-бірімен байланысқан сөйлемдер құрып сөйлеуге үйрету;  

тілге деген қызығушылықтарын ояту;

қарапайым білім деңгейінің көлемін дамыту;

зейін, есте сақтау, жұмыс істеу қабілетін дамыту; 

өзге оқушылармен оқыту барысында балалардың маторика, когнитивті, тілдік әлеуметтік және эмоциялық дағдыларын дамыту;

Сабақтың құрылу ережелері:

жаңа материал ашық беріледі;

оқушы кесте, қиықша арқылы жұмыс істей алады;

өткен сабақтың материалы үнемі қайталанып отырады;

қателері түзетіліп отырылады;

оқу дағдылары есте сақтау қабілеттерін ұштау үшін кезектесіп отырады;

үй жұмысы аз беріледі;

сабақ кезінде көзге жаттығу жасалып отырылады;

психикасының дамуына жүйелі жұмыс жасалады;

материал сәл қиындатылып беріліп отырады;

10) өздік жұмыстар көлемі алгоритм бойынша жаттығулар арқылы ұлғайтылып отырады.

Бағдарлама келесі әдіс-тәсілдер арқылы іске асады:

қызығушылықтарын арттыра оқыту;

оқу мазмұнын күрделілігін, әртүрлілігін оқушының ерекшеліктеріне қарай бейімдеу;

оқу материалын қабылдауда бір уақытта есту, көру есте сақтау, ойлау, қабылдау маторикаларын қосу; 

тірек сигналдарын қолдану;

берілген үлгі бойынша анықтамалар, алгоритмдер  құрастыру; 

бір-бірін оқыттыру, диалогтік методика, өз-өзін бағалату;

түсінік, комментарий беруге жаттықтыру;

толық қабылдау позициясы бойынша оптималды жылдамдықты сақтау.

   Менің шығармашылық ізденісімнің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын  қалыптастыру. Балаға шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелетін жолдарды көрсету керек.