Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 34 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ
07-10-2022 10:20
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 34 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ

БИБИГУЛЬ МАНАПқызы ТИЗИКПАЕВА

 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі

 

«Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік  құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту»

 

«Развитие разговорной речи студентов через формирование коммуникативных вертикалей на уроках казахского языка»

 

Бүгінгі таңда, қазақ тілін орыс сыныптарындағы оқушыларға меңгерту – басты мәселелердің бірі болып табылады. Орыс мектептерінде қазақ тілін меңгерту мақсаттары – оқушыларды дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Мұғалім қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді етіп өткізу қажет.

Тақырыптың өзектілігі: Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, білімнің деңгейін көтеру, өз дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға, құзіреттілігін дамытуға  мүмкіндік тудыру көздейді.

Жеке тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін дамыту - бүгінгі заманның басты талабы. Құзіреттіліктің негізі және оның маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Яссауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. еңбектерінде  болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.

Тақырыптың көкейкестілігі: Оқу-тәрбие үдерісінде құзыреттілікті дамыту туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде  құзыреттілік қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Оқушыларда құзыреттілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Қ.Т.Әтемова оқушыларда құзыреттілікті қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы, М.Ералиева жалпы білім беретін орта мектепте оқу-тәрбие үдерісін құзіреттендіру, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде құзыреттілікті дамытудағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған

Зерттеу мақсаты:қазақ тілі сабақтарында  оқушылардың коммуникативтік құзіреттілік дағдыларын дамыту бағытында сөйлеу икемдерін қалыптастыру. 

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқу-тәрбие үдерісінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негізін айқындау;

2. Құзыреттілікті қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау және оның педагогикалық шарттарын айқындау.

Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.