Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 39 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ГИМНАЗИЯ СЫНЫПТАРЫ БАР ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ
07-10-2022 10:32
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 39 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ГИМНАЗИЯ СЫНЫПТАРЫ БАР ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ

Бақтылы ҚиманқызыМукушова

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

«Көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

 

Қазіргі таңда жеке адамның білімділік деңгейіне деген талаптар өсуде. Жаңа жағдайдағы оқу үрдісі оқушылардың жан-жақты құзыреттілігіне, өмір бойы білімдерін жетілдіруіне бағытталуы міндетті. Жеке тұлғаның құзыреттіліктерінің даму алғышарты – ол адамның бойындағы функционалды сауаттылықтың болуы. Функционалды сауаттылыққа ие болудың жағымды жақтары – оқушылар әлемнің өзгерістеріне жедел әрі оңай бейімделеді. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік білімдер, ептілік және дағдылар, ал ұйымдастыру түріне – мәселелік жағдайлар жатады.

Өзектілігі:

- осындай жұмыстардың арқасында оқушы өз бетімен әрекеттенуге, танымдық, зерттеушілік, шығармашылық тұрғыдан дами түседі;

- оқушы өз әрекетін жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға дағдыланады;

- алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолдарын өз бетінше қарастырады, өз іс-әрекетін жоспарлап, талдау жасай алады;

- өз бетінше білім алуға, ізденуге талпынады, ақпараттық құзіреттілігі артады;

- сыни ойлауға, сараптауға  және сыни пікір білдіруге жаттығады;

- аудитория алдында сөйлеуге, өз ой-пікірін дәлелді және логикалық түрде жеткізуге дағдыланады, коммуникативтік құзіреттілігі артады. 

Тәжірибенің жаңашылдығы

    Функционалдық сауаттылық – мұқият оқу, оза ойлау, зерттеушілік, шығармашылық, кез келген жағдаяттан жол таба алу дағдысын қалыптастырады.

Көркем шығарма (мәтін) оқу барысында танымдық, шығармашылық, ізденушілік дағдылары қалыптасады. Салыстыру, топтастыру, сараптау, сыни ойлауға, сыни пікір айтуға жаттығады. Көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын жүйелі, логикалық тұрғыда жеткізу шеберлігі дамиды.

Мақсаты:  Оқушыларының функционалдық сауаттылығының дамуы үшін жағдай туғызу, алған білімдерін өмір­де тиімді қолдануға үйрету. Білім алушылардың ой өрісін кеңейтуге, мұқият оқу дағдыларын дамытып, өз ойын еркін жеткізугедағдыландыру. 

  Тәжірибе технологиясы

Әр мұғалім жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақта қолдану үшін әр сыныптың  жас ерекшелігін ескере отыра, өзінің шеберлігіне сай таңдап алады. Менің көп жылғы еңбегімнің алғашқы жылдарында көркем шығармамен жұмыс жасауда, оқушылардың мәтінді немесе көркем шығарманы оқуда кездескен қиындықтар мен олқылықтарды толтыру мақсатымен педагогикалық технологияларды зерттей бастадым.  Әдебиет - сөз сабағы. Ал айтылатын сөздің бәрі есте қалып жатпайды, ол әрине , ерекше зерттеуді керек ететін мәселе. Осы орайда,  тәжірибелі ұстаз Қанипа Бітібаеваның конструкциялап-жобалап оқыту технологиясына жүгіндім.  Тәжірибелі ұстаздың әдіс-тәсілдерін өзімнің алдымда отырған шәкірттеріме орай бейімдеп қолдануға кірістім. Әр сыныптың деңгейіне қарай  жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге, жалпыдан жалқыға қарай лайықтап қолдана бастадым. Көркем шығарманы оқытудың таптырмас жолын тапқандай болдым. Бұл  модельдің өнімді нәтиже беретініне сендім. Модель- әрі тірек карточкасы, әрі көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де атқарды. Бұл технология оқушы іс-әрекетін де белгілі бір мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салатынына көз жеткіздім.  Оқулық, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуге  баулуға ыңғайлылығын сезіндім.  Мәтінді немесе көркем шығарманы мұқият оқуға жетелейді. Оқушылардың өз беттерімен де модель жасауға жаттықтырады. Ең бастысы, терең, тиянақты білім алуға нәтижелі көмек жасайды. Оқушыларға жеке, топтық жұмыстар беріп, білім деңгейін шығармашылық деңгейге дейін алып келуге , түсініктен анализ, синтез бағаға дейін көтеруге болатынына көзім жетті.  Бүгінгі күні бұл технологиямен жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, онда терең де толық білім қамтамасыз етіледі деп сеніммен айта аламын.

Тәжірибенің нәтижелілігі

  • Нәтижесінде, мұғалім оқушылардың ойлау мен сөйлеу әрекетінің дамуына оң әсерін тигізеді:
  • Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше әрекет етуге дағдыландырады;
  • Көркем шығарма оқуға деген қызығушылығы артады;
  • Көркем шығарманы талдай алу дағдысы қалыптасады, өмірмен байланыстыра алады, өз ой-пікірін білдіріп, оқиғаға сыни баға беоре алады
  • Ситуацияны бағамдай алады, тығырықтан шығу жолдарын өзінше таба алады;
  • Оқушылардың мәтінді ұғына оқу қабілеттілігі және кері байланыс жасай алуына ықпал етеді. Мазмұнын өз мақсатына қол жеткізу үшін қолдана алуына жол ашады, ақпаратты іздеу, іріктеу және жинақтау дағдылары іске асады.
  • Бәсекелестікке қабілетті тұлға қалыптасады;