ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 6 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИМНАЗИЯСЫ» КМҚК
07-10-2022 11:57
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 6 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИМНАЗИЯСЫ» КМҚК

Кожабаева Лазат Мырзабаевна

басшы /руководитель

 

Мухтаева Жанара Акимжановна

әдіскер /методист

«Мектепке дейінгі коммуникативтік- тілдік бағыттағы гимназия моделі»

«Модель дошкольной гимназии коммуникативно - языковой направленности»

 

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп асқақ арманмен бабаларымыз бізге үлкен үміт артқан. Болашақ ұрпақты халық мұрасы – ата өнерін, салт- дәстүрін, ұлттық құндылықтары негізінде өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру – бүгінгі заман талабы.

Дүниетанымның іргетасы төл мәдениетті терең білуден басталады. Мектеп жасына дейінгі балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды танып, сыры мен қырына үңіле түседі. Осы жастағы балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қазақ балалар фольклорының, салт- дәстүрлердің, ұлттық өнердің, ұлттық ойындардың және ұлттық өлке табиғатымен таныстырудың маңызы ерекше.

1. Мектепке дейінгі гимназия моделінің мазмұны

Гимназия үлгісінің білім беру мазмұны білім беру мақсаттарына, білім салалары мен пән мақсаттарына жетудің құралы болып табылады.

1.1. Мектепке дейінгі  гимназия үлгісі  төмендегілерді жүзеге асыруға бағытталған:

  • жалпы мекпепке дейінгі білім беру бағдарламасына этнопедагогика мазмұнын кіріктіру  мектепке дейінгі білім беру  саясатын іске асыру;
  • коммуникация саласында этнопедагогика мазмұнын меңгерілуін қамтамасыз ету;
  • мектепке дейінгі білім, бастауыш білім бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету;
  • ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени дағдыларды қалыптастыру;
  • гимназия үлгісінің білім беру мазмұны коммуникативтік-тілдік бағытындағы пәндерді  ою арқылы оқуға бағытталған.

Гимназия үлгісінің білім берудің мазмұны

  • «Коммуникация» саласына  «Әдебиеттану» вариативтік бөлім болып кіреді.
  •  «Таным» білім саласының «Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру» мазмұны балалардың жасына сай толығырақ берілген.
  •  «Математика» пәнінің мазмұны математикалық тіл мен кеңістіктік ойлау, арифметикалық есептерді шығару, ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін меңгеру, сандық өрнектерді есептеу, мәтіндік тапсырмаларды есептеу, өлшеу арқылы оқушылардың логикалық ойлауы мен өзінің пікірін айту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
  • Гимназия үлгісінің Жаратылыстану пәнінде басты мақсаты "Адам-табиғат" жүйесі шеңберінде ғылыми білімнің қарапайым түсініктері қалыптасады. Пәннің мазмұны балалардың табиғатына тән қызығушылықты арттыруға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, қоршаған әлем туралы түсінігі мен оны ғылыми танымын дамытуға бағытталған.
  •  «Өзін өзі тану» пәнінің мазмұны бала тұлғасының адамгершілік негіздерін, рухани жетілуін, өзіндік табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуеттерін дамытуға бағытталған.
  • «Шығармашылық» білім беру саласын музыканы, бейнелеу өнерін, көркем еңбекті кіріктіріп оқытуды көздейді. Бұл пән эстетикалық және мәдени тәрбиені ұйымдастырудың біртұтас тәсілдемесіне негізделген.
  • Пәнді оқыту ән айту, аспаптарда ойнау, табиғи және жасанды дыбыстарды жазу, тыңдау және әрлеу, сурет салу, үлгілеу, бейнелеу, сомдау және т.б. сияқты жеке және топтық іс-әрекет түрлері арқылы жүзеге асырылады. Бұл пән сабақтан тыс уақытта көркемдік-эстетикалық бағыттағы үйірмелермен (би, театр  және т.б.) тығыз бірлікте оқытылуы қарастырады.
  • «Дене шынықтыру» білім беру саласы денсаулықты сақтау және нығайту дағдыларын дамытуға бағытталып жүзеге асырады.

Өзектілігі:

Қазіргі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған  мақсат- дамыған елу елдің қатарына ену.Осы мақсатқа жету үшін кішкентай бүлдіршіндерді үйретуші педагогтардың алдында үлкен міндет тұр. Ол-білімі мен қабілеті жаңа заманға , жаңа Қазақстанға сәйкес жеке тұлғаны тәрбиелеу. Жас үрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында, жас ұрпақты үлттық рухани біліммен қаруландыру-осы әдістеменің негізі болып табылады. Ұлтын тануға ықпал етеді, өз тарихына, мәдениетіне қызығушылығы  артылады.

Бала үшін

  • білімді шығармашылық тұрғыдан қолдануы;
  • сыни тұрғыдан ойлау; жағдаяттарға қатысты өз көзқарасын дәйектей алуы;
  • қазақ, орыс және ағылшын тілдеріде ауызша сөйлеуде бастапқы дағдылары барлығы;
  • ұлттық  балалар әдебиетіне қызығушылығы артуы;
  • зерттеу жұмыстарын орындауы;
  • әлеуметтік құндылықтары, дене шынықтыру-сауықтыру, эстетикалық түзетулер, көркем-эстетикалық, музыкалық, рухани-адамгершілікті балада жан-жақты дамуы;
  • баланың өзіне және өзгелерге құрметпен қарау, көпшіл және қамқор болуы;
  • білім алуға  құштарлануы;
  • театр, оның түрлері туралы түсініктері болады; қазақ тіліндегі еөздік қорының молаюы;
  • диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілуі;
  •  шығармашылық қиялының қалыптасуы.

Педагог үшін

  • педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің артуы;
  • эксперимент кезіндегі бағдарламалық-әдістемелік жасақтама құрылуы;

Педагогикалық ұжым үшін- кәсіби қызметіне құштарлығы және кәсіби біліктіліктің өсуі

  • Педагогтардың республикалық, облыстық, баспасөз беттеріне тәжірибе алмасу мақсатында мақалаларының санын көбеюі.
  • Тәжірибеге енген жаңа инновацияларды әрбір педагогтың тәжірибесінде қолдануы;
  • Сәбилер бақшасы қызметінің басқару жүйесінің жетілдірілуі.

Кәсіби дағдысы дамыған, педагогика-психология негіздерін түсінетін, кәсіби біліктілігі жоғары педагогтар ұжымының қалыптасуы

Ата-аналар үшін

  • ата-аналардың балабақшамен, педагогикалық ұжыммен бірлесіп жұмыс жасаудың қалыптасуы;
  • қазақ ұлты тәрбиесімен бала тәрбиесі баюы,баланың денсаулығының сақталуы және  жетістікпен мектепке дайындалғаны.