ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектебі «Жасыл челленджді» қолдады
07-10-2022 12:02
Павлодар мектебі «Жасыл челленджді» қолдады

«Қазақстанның Экологиялық қоры» ҚҚ бастамасымен өтіп жатқан «Green challenge» - «Жасыл челлендж» көшеттерді отырғызу жөніндегі Республикалық акцияны Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебі қолдады. Экологиялық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар, еңбек сіңірген мұғалімдер, экологтар, еріктілер, Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының, Павлодар облысы бойынша экология департаментінің, Павлодар қаласының білім бөлімінің өкілдері, ата-аналар шақырылды.

Мектеп аумағында № 36 мектептің педагогикалық еңбек ардагерлері, мектептің бұрынғы директоры Татьяна Николаевна Качураның, бастауыш сынып мұғалімі Раиса Ивановна Веселовскаяның, неміс тілі мұғалімі Корлан Кабдулловна Демеуованың, ағылшын тілі мұғалімі Зиягуль Елеусизовна Баилдинованың, тарих мұғалімі Мансия Кабжановна Ибраеваның, Социалистік Еңбек Ері және екі рет Ленин ордені иегері Анес Ахмединович Ахмединовтың, биология және химия мұғалімі Людмила Васильевна Данилованың атаулы тақтайшалары бар 16-дан астам шаған мен қарағай көшеттері отырғызылды. Іс-шара экологиялық мәдениетті, табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлықты қалыптастырады.

- Жас ұрпаққа үлгі, кәсіби борышына, туған өлкесіне, сүйікті еліне шын берілгендік үлгісі болып табылатын педагогикалық еңбек ардагерлеріне алғыс айтамыз Жоғары идеалдарға, отандық педагогиканың үздік дәстүрлеріне адалдықты үйлестіре білгеніңіз үшін және уақытпен қатар жүруге дайын болғаныңыз үшін рахмет!», - Қазақстанның Экологиялық қорының жобалық менеджері, Камарья Рамазановна Джазбаеваның алғыс сөздері.

Қазақстанның Экологиялық қоры ағаштар мен бұталарды отырғызудың жыл сайынғы дәстүрін жасады. Мұндай бақтар балаларға демалуға, қоршаған әлеммен еркін танысуға, күн сайын көшеттердің өсуі мен гүлденуіндегі өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі, сайып келгенде, біздің оқушыларымызды табиғатпен жақындастырады және экологиялық тәрбиені қалыптастырады.

Мектеп 13 жыл бойы мектеп аумағын көгалдандыру бойынша «Мектептер: болашақтың серіктестері» Халықаралық PASCH-жобасымен ынтымақтастықта екенін айта кету керек. Осы уақыт ішінде 45 тен астам шырша отырғызылды.