ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №8 СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ» КМҚК
07-10-2022 12:06
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №8 СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ» КМҚК

Шолпан Тоқтарқызы Муканова

 

«Ерекше білімді қажет ететін балаларды  оқытуда заманауи психологиялық әдістемелерді қолдану»

 

«Использование современных психологических методик в обучении детей с особыми образовательными потребностями»

 

Мүмкіндігі шектеулі балалармен білім беру мекемесінде түрлі бағыттағы мамандар жұмыс істейді-дефектологтар, психологтар, логопедтер, тәрбиешілер қосымша білім беру педагогтары, медицина қызметкерлері, естуге-сурдопедагогтар, көруге-тифлопедагогтар жұмыс жасайды.

Инклюзивті топпен жұмысты ұйымдастыру формалары тәрбиеленушілермен жаппай және топішілік (2-3 баладан), жеке оқу іс-әрекетерін өткізу болып табылады.

Балалармен оқу іс-әрекетін өткізудің оңтайлы ұзақтығы олардың жасына ғана емес, жеке басының мүмкіндіктеріне (жұмысқа қабілеттілігіне, зейіннің тұрақтылығына, шаршағыштығына т.б) байланысты болады және мектепке дейінгі жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында анықталады. Дамуында кемістігі бар немесе жас нормасына лайық дамымаған тәрбиеленушілермен жаппай және топ ішілік іс-әрекеттерді күннің І жартысында дефектолог мұғалімі жүргізеді. Бұл кезде тәрбиеші қалыпты дамыған балалармен іс-әрекет жүргізеді. Дене шынықтыру нұсқаушысы және музика жетекшілері қажет болған жағдайда ауытқушылығы бар балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен түрлі бағытта жұмыстар жүргізуге болады, олардың шығармашылық, әр түрлі бағыттағы дарындылығын анықтау мақсатында суреттер байқауын ұйымдастыру, ойлау, есте сақтау деңгейлерін ескере отырып, интеллектуалдық ойындар жарыстар, балалардың ашылуына түрлі тренингтер, спорттық жарыстар ұйымдастыру әр педагогтың шеберлігінен туындауы мүмкін. Бала қоршаған ортаға бейімделіп, өзін еркін ұстауға, басқа балалардан ерекшелігі жоқ екенін сезініп өсу керектігін біздер қамтамасыз ету қажетпіз. Және оқу мен тәрбие барысында түрлі қызықты инновациялық оқу құралдарында пайдалану.

Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр балаға, оның жеке ерекшеліктерін бұзылу құрылымын, психофизикалық даму деңгейін, жасын ескере отырып, оқыту мен дамытудың жее бес арнайы психологиялық әдістемелерді жаңаша құрастырып өз тәжірибемде қолдандым.  Біздің балабақшада ересек  тобында ерекше білім беруді қажет ететін психикалық дамуы тежелген диагнозбен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметінің қорытындысы бойынша бір бала болды.

Психикалық дамуы тежелген тәрбиеленушіні бір  ай бақылап, диагностика жүргіздім,

диагностика бес әдістеме арқылы өткізілді, олар «Кімге не жетпейді?», «Пішіндерді орналыстыр», «Қисынсыздықтар»,« Заттарды ата», « Есіңе сақта!», осы психологиялық әдістемелерді баланың даму деңгейіне жаңаша құрастырып, диагностика арқылы тәрбиеленушіге жеке дара түзете-дамыту ұйымдастыру  оқу қызметінің перспективалық жоспар және конспектісін құрастырдым. Жеке жоспар қазан айынан бастап мамыр айына дейін қамтылған, барлығы  28 сағат, аптасына бір рет, ұзақтылығы 10 - 12 минут.

         Мақсаты: Баланың зейінін, қабылдауын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін анықтау және қол моторикасын дамыту;

         Міндеттері:

1.Баланың қабылдау қабілетін анықтау;

2.Балабақша жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру,ойын жаттығуларға қызуғышылығын дамыту;

3.Баланың есте сақтау қабілетін анықтау;

4.Аса қажеттілігі бар балалардың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу;

5.Баланың даму деңгейін анықтау.

   Балабақшадағы балаларға инклюзивті білім мен тәрбие берудегі инновациялық құралдарды оқытуда балалардың танымдық дамуы - бұл білім беру процесінің қажетті бөлігі. Инновацияларды енгізу педагог-психологтың өз қызметін өзгеретін жағдайларға бейімдеу және білім беру процестерінде стандартты емес әдістерді қолдану қажеттілігін білдіреді. Балабақшадағы инклюзивті білім беруде түрлі заманауи әдіс-тәсілдер жасалу үстінде. Сондай тәсілдердің бірі түрлі инновациялық ойын құралдары болып табылады. Ойын-бұл бүкіл танымдық дамуға  жетекші қызмет етеді. Ойынның даму әлеуметі оның табиғатына тән. Ойынның педагогикалық құндылығы-бұл ең күшті мотивациялық факторға айналады, бала жеке көзқарастар мен мотивтерді басшылыққа алады.  Балабақшада инклюзивті білім беруде педагог-психолог, өз білімін және идеясын шығармашылықтарын осындай төменгі бағдарлама көмегімен баланы танымдық тұрғыдан дамыта алады.

 Коррекциялық жұмысты жүргізгенде:

баланың күйіндегі өзгерістерді белгілеп отырдым, бұл өте қажет және бұл жағдайда коррекция процесінің толық диагностика жасадым. Диагностиканың қорытындысы бойынша бала бастапқы диагностикада өте төмен деңгейді көрсетті, бұл баланың ойлау қабілеті, зейінін тұрақсыздығынан, геометриялық пішіндерді танымайды, көріп  және тыңдап, есте сақтауы жақсы дамымаған, қолы машықталмаған.

Жыл соңында балада жеке дара түзете-дамыту оқу қызметінің жүргізуіне орай жақсы жетістіктерді диаграмма арқылы көруге болады.