ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 42 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИМНАЗИЯСЫ» КМҚК
07-10-2022 12:11
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 42 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИМНАЗИЯСЫ» КМҚК

Гульжайнат Аманжолқызы Макульбекова

 

Қазақ тілі мұғалімі

«Мектепалды даярлық, ересек, ортаңғы  топ

балаларына арналған жұмыс дәптері»

 

Мeмлeкеттік тілде сөйлeу мәнeріне қатысты прoблeмаларды oңтaйлы шeшу мeктeпке дeйінгі жастағы өзeкті тaқырыптардың бірі бoлып табылады. Бүгінгі күні балалардың сөйлeу мәнeрін дамытуды рeттeуге бoлатын көптeген әдістемeлeр қолданылып жүр. Бaлабақшада балаға білім бeрудің жетістіктері рeтінде eң нeгізгісі,oл – баланың байланыстырып сөйлeу тілін дамыту. Бала бaйланыстырып сөйлeуді жақсы ұғынса ғана кeз кeлген сұраққа тoлық, нақты жауап бeре алады.

         Ұсынылып oтырған  жұмыс дәптері мектепке дейінгі білім беру мeкемелерінің қазақ тілді емес тoптарында қазақ тілін oқытатын мұғалімдерге aрналған. Жұмыс  дәптері oқу-тәрбие жұмысы орыс тілінде жүргізілетін мектепалды даярлық, ересек, ортаңғы топ балаларына ұсынылған.

Жұмыс дәптері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының  негізінде құралған.

Мақсаты:

Жаңа  әдістемеліктерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу деңгейін көтеру.

Міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру;

- тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру;

- сөздерді үйрете отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстырып    сөйлеуге үйрету, қазақ  тілінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру және  тілді меңгеруге  тұрақты қызығушылығын дамыту;

- Қарапайым сұрақтар қоюға және оларға қарапайым сөйлемдермен жауап беруге дағдыландыру;

- мемлекеттік тілге деген құрмет пен мақтаныш сезімін ояту.

          Білім беру жүйесіндегі жаңа тәсілдерге бағдарланып және МЖМБС талаптарын ескере отырып әзірленген тапсырмалар балалардың қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыруға ықпал етеді.

Зерттеу нысаны - балалардың белсенді позициясын, тәуелсіздігін, шығармашылығын дамытуға бағытталған педагогикалық процесс; мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры жаңа сөздермен толыққанда  алған білімдерімен келешекте қолданана алып, мемлекеттік тілде өз ойларымен бөлісе алады.

         Өзектілігі: Мектепке  дейінгі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданылуын сапалы әрі жүйелі түрде кеңейту.

         Мемлекеттік тіл - халық дәстүрлері мен мәдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі. Балалар - елдің болашағы, оның гүлденуі бізге, ересектерге байланысты. Мемлекеттік тілге біздің көпұлтты республикамыздың халықтарын біріктірудің маңызды миссиясы жүктелген. Мемлекеттің саясаты өз талаптарын қояды: бүгінгі күні біздің елімізде тұратын барлық ұлттардың өкілдері қазақ тілін білуге міндетті. Сондықтан қазақ тілін ерте жастан үйрену - заман талабы.

         Тәжірибемнің  өзектілігі: мектепке дейінгі білім берудің МЖМБС мақсатты бағдарларына қол жеткізуге көмектеседі. Балаларды  бір-біріне қолдау көрсетуге, жауапкершілікті сезінуге, сөйлесуге, басқаларды тыңдауға, кез-келген тапсырманы бірлесіп орындауға үйретеді.

Осы орайда мектеп жасына дейінгі балалардың меңгерген сөздік қорды күнделікті өмірде қолданып, танымдық және шығармашылық қабілеттері артады.

          Ұйымдастырылған оқыту қызметінде тапсырмалар әр түрлі формада берілсе, осы орайда тақырыпты игеруге кедергі келтірмейді. Тапсырмалар  оқытудың тиімділігінің кепілі болады. Жалпы  істің барысында балалар мобильді, бойларында дербестік, бастамашылық, коммуникативтік қарым-қатынас қабілеттері, қызығушылықтары көрінеді. Ал  педагог балалармен жақындасып, тіл табысып, алдына қойған мақсатына жете алады.

Жаңашылдығы:қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланып, балалардың сөйлеу  дағдыларын пасивті және продуктивті ойындар арқылы қалыптастыру.

Жаңа бағдарламаға  сай  мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқу жүктемесіне өзгерістер ензілді. Балалардың тілді үйренуге  деген қызығушылығы және де  заман талабына сай қоғамның сұранысыпайда болды. Осыған байланысты мемлекеттік тілді менгеруге арнайы  жұмыс дәптерін  құрастыруға қажеті туды. Сондай-ақ осы жұмыс дәптерінің өзектілігі практикалық маңызымен негізделген. Балалар  мектеп табалдырығын аттаған кезде, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдана алады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында балалардың тұрақсыздық көңілдерін ескере отырып, қызмет түрлерін жиі ауыстырған жөн. Баланы қызмет түрі емес, оның біркелкі болуы шаршатады және  эмоционалдық  күй тудыратын,тек өзіне  қызықтысын  қана есте сақтайды.

Осыларды ескере отырып, әр түрлі ойындарды, жарыстарды, түрлі  көрнекі материалдарды пайдалану керек.Тілді игеру мақсатында  ойынның ролі сөзсіз, әсіресе ол мектепке дейінгі жаста ұтымды болып табылады.Мемлекеттік тіл білімге деген  құмарлықты ынталандырады.

Оқу іс – әрекеті барысында балалардың жасы мен даралық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетін жұмыс нәтижесінде:

Балалар мұғалімнің нұсқауларын түсініп, орындай алуға;

Жекелеген заттардың атауларын қазақ тілінде дұрыс айта білуге;

Заттардың түрін, түсін, санын дұрыс ажырата алуға;

Өзі туралы қысқаша мағлұмат бере алуға;

Суретті материалдың мол қоры балалардың жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді жеңіл қабылдауына ықпал етеді. Көптеген тапсырмалар ойын түрінде өткізуге ыңғайлы болатындай етіп құрылған.

Оқу іс – әрекетінің барысында үлестірмелі материалдарды тиімді қолдана білу балалардың шығармашылық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Тақырыпқа қатысты жаңа  материал үлестірмелі материалдардағы тапсырмаларды орындау арқылы бекітуге негізделген. Үлестірмелі мериалдар, негізінен, жапсырмалар түрінде ұсынылған. Бұл балалардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың ұқыпты жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады. Өз жұмысының нәтижесін көрсету балалардың өзіне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Практикалық маңыздылығы – ұйымдастырылған оқу қызметі барысында тапсырмалар сөздік қордың  дамуына, жалпылама сөздерді меңгеруіне, актив сөздердің көбейюіне ықпал етеді. Мектеп жасына дейінгі бала өз білімін басқа балалардың білімімен салыстыра алады, досына көмектеседі және қажет болған жағдайда оны қабылдай алады, сөздердің аудармасын бірлесіп айта алады.