ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«№ 120 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ЭТНОМӘДЕНИ ТӘРБИЕ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ - СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ» КМҚК
07-10-2022 12:19
«№ 120 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ЭТНОМӘДЕНИ ТӘРБИЕ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ - СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ» КМҚК

Жұлдыз Әнуарбекқызы Асаинова

 

Тәрбиеші

 

«Этно-эксперимент үрдісінде мектеп жасына дейінгі балалардың ізденіс-зерттеу қызметін дамыту»

 

Баланың жаратылысынан пайда болған үздіксіз дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру әлеуеті баланың бойында бар. Баланың өмірінде 3 жастан 5 жасқа дейінгі жас аралығы кезеңі ерекше орын алады. Көптеген ғалымдардың: М.Монтессори, Л.С.Выготский, Ш.А.Амонашвили және тағы басқалардың педагогика мен психология саласындағы зерттеулері осыны растайды. Яғни, Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша балалардың қайсысымен болмасын 3 жастан кейін, оған үйренудің жаңа түріне мүмкін бола бастайтын түбірлі өзгеріс пайда болады. Ол үшін жасқа дейін өзінің жеке (ішкі себептермен пайда болған) бағдарламасы бойынша, өзіне қоршаған ортадан ақпараттар жинақтай отырып, жігерлене үйренеді.

Баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа материалдармен мақсатты түрде этно-эксперимент жүргізіп, заттар арасындағы жалпы қатынастарды едәуір бейнелеп, қоршаған ортаның үлгісін жасайды, эксперименталды іс-әрекетте мақсат қойып, нәтижеге жетілуіне үлкен мүмкіндіктер береді.

Балалардың ұйымдасқан танымдық қызметі бірнеше бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін, олар:

- балалардың зерттеушілік, эксперименталды іс-әрекет етуі үшін көпфункцияларды ортаны ұйымдастыру;

- балалардың мүдделері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін (қосақтап, шағын топтармен, барлық топтармен) эксперимент ұйымдастыру;

Мақсаты:

Балаларды ізденіс-зерттеушілік әрекетке дайындау, ізденімпаздық дағдыларына үйрету; дара заңдылық пен құбылыстардың себебін, қоршаған ортадағы таным іс-әрекетіне қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттері: Тәрбиелеу мен білім беруде материалдарды тақырыптық жүйелі үйлесімді қолдану; Еліміздің ертеңін ойлар ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру;

Өзектілігі: Балабақшадан бастап өз ана тілімізде сөйлеп, өз халқымыздың қадір-қасиеті рухани құндылығымызды біліп өссек, болашақ ұрпақта өз тілін, дәстүрін, өнерін қадір тұтады. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалық та, басқа өзгерістер біздің сана-сезімімізге өз деңгейінде келіп жетіп, жалғасын табады. Бала бойына Отанына деген сүйіспеншілік қасиет сәби шағынан бастап сіңеді. Еліміздің құндылығы бала жүрегінде сақталады.

Кез келген халық өзінің ұлттық психологиясымен, өзіндік ерекше тұрпатымен, біртұтас тілімен, ғылымымен, айшықты мәдениетімен бағады. Қазақстанда халықтардың ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуіне барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, қазақ халқының ғасырлар бойына өсіп-өрбіген төл мәдениеті де жаңа серпіліске ие болды.

жаңашылдығы:

Әдістемелік құрал зерттеу жұмыстарына сүйене отырып қазақ этнопедагогикасы арқылы, мектеп жасына дейінгі балалардың  дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізуге ұсынылып отыр

Күтілетін нәтиже

Мектеп жасына дейінгі балаларда этно-эксперимент үрдісінде зерттеушілік, эксперименталды іс-әрекет жасауға және әр-түрлі құбылыстарды дербес зерттеу, онымен дара өзгерістерді өткізу, болжауларды белсенді айту, әдеттегі ой қорытындыстарын құрастыру туралы жалпылама ептіліктері қалыптасады.

Тәжірибе жасау барысында мынандай қорытынды жасалды:

Бала өзі зерттесе өзін-өзі тексеріп, өз қатесін өзі түсінсе ғана жоғары жетістіктерге жетуге болады. Себебі, бала тапсырманы орындау барысында:

Өзі жұмыс істейді;

Жолдастарына көмектеседі;

Олардан көмек алады;

Тәрбиешнің түсінігін қолданады;

Өз ойын тұжырымдауға үйренеді;

Қате жіберу арқылы түзетулер жасауға үйренеді;

Есте сақтауы жақсарады.