Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 6 қазанда ХV Республикалық Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық цикл пәндері - математика, физика, химия, биология пәндері бойынша білімдерін тексеру, әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін дарынды оқушыларды қолдау. Қаланың 34 мектебінің 11 сыныбының 50 оқушысы қатысты.
Олимпиада ережесіне сәйкес қатысушылар математика, физика, химия,биология пәндерінен тест тапсырмаларын орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды № 17 ЖОМ оқушысы Фазыл Азиз, № 34 ЖОМ оқушысы Халимов Артур, Кенжекөл ЖОМ оқушысы Заркен Санжар, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушысы Әубәкіров Санжар, № 39 ЖОМ оқушысы Гусак Ксения иеленді.Олар 2022 жылдың 12 қазанында облыстық олимпиаданың І кезеңіне қатысады.Азиз, Артур, Санжар математика, Ксения - химия және биология бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. Оқушылар мектеп, қалалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.
II орынды Мақпалеев атындағы № 14, 34, 16, 27 мектептердің 6 оқушысы, Кенжекөл ЖОМ иеленді. III орынды № 2, 16, 19 (2), 21, 24, 29 (2), 43, Б. Момышұлы атындағы 10 мектеп оқушысы иеленді.