Жастар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау, азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатта «Жас Ұлан - 2022» әскери- қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарысқа облыс мектептерінің 15 командасы, оның ішінде Павлодар қаласының № 17, 43, 35, 7, 37, М. Әуезов атындағы мектептерінің 10-сынып оқушыларының 6 баласы қатысты. Ұйымдастырушылар - облыстық білім беру басқармасы мен Павлодар қаласы және Павлодар облысының Ауған соғысы мен жергілікті соғыстар ардагерлері және мүгедектерінің қоғамдық қоры болды.
Қатысушылар АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, саптық даярлау, тартылу, оқ ату, патрондарды разрядтау және жабдықтау, әскерилендірілген кросс бойынша шеберліктермен жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы I орын алды.
- Атыс бойынша жақсы нәтижелерді № 7 ЖОМ оқушысы Амангелді Ерсұлтан, АК-74 бөлшектеу және құрастыру бойынша - Сәтбаев Ислам, № 17 ЖОМ оқушысы, разрядтау және жабдықтау бойынша - Телеусов Шамиль, М. Әуезов атындағы ЖОМ оқушысы, тартылу бойынша - Маканов Расул, № 43 ЖОМ оқушысы көрсетті, - дейді Щитинин Сергей Васильевич, № 43 ЖОМ алғашқы әскери және техникалық даярлығының оқытушы-ұйымдастырушысы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының дене шынықтыру орталығының және ардагерлер мен мүгедектердің қоғамдық қорының грамоталарын, медальдары мен кубоктарын алды.