ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық дуэт - 2022» облыстық байқауының қорытындысы
11-10-2022 16:03
«Педагогикалық дуэт - 2022» облыстық байқауының қорытындысы

Облыстың білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Педагогикалық дуэт - 2022» облыстық байқауының қорытындысын шығарды. Байқау педагог-тәлімгер мен жас педагогтің топтық жұмыс мәдениетін қалыптастыруға, технологиялық ынтымақтастыққа, өзін-өзі жүзеге асыруға, тәлімгерлермен бірлесіп жұмыс істеуде практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Облыстық байқаудың бірінші іріктеу кезеңіне 2022 жылғы 1 14 маусым аралығында өңірдің білім беру ұйымдарының 29 педагогикалық дуэті, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 5 дуэті қатысты. Байқауда Е-портфолио, «ХХІ ғасырдың заманауи педагогі» тақырыбындағы эссе, «Менің білім берудегі бастамам» бірлескен білім беру жобасы қаралды.

Іріктеу турының қорытындысы бойынша байқау финалына облыстың 15 дуэті, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 3 дуэті өтті. «Табысқа жетер жол» кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңінің финалында қатысушылар өзін-өзі таныстыру және білім беру жобасын қорғауды ұсынды.

Финалдық турдың қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің барлық 3 дуэті жүлделі орындарға ие болды.

I орын № 16 лицей-мектебінің дуэті София Юрьевна Четверик және Гүлнара Еркінқызы Казкенова алды.

III орынды № 21 ЖОМ дуэті Қасен Үмітжан Нұртайқызы мен Оспанова Әсия Ахметқызы иеленді.

«Педагогикалық дуэт - ашылуы» номинациясы № 41 ЖОМ дуэті Ткешова Эльнура Мұратқызы мен Калиева Розангүл Ерденқызына берілді.

Облыстық байқауға қалалық, аудандық байқауларда жүлделі орындарға ие болған дуэттер қатысты. Естеріңізге сала кетейік, байқаудың қалалық кезеңіне №2, 11, 14, 16, 21, 29, 37, 39, 41 мектептер мен № 1, 14 сәбилер-бақшаларының 9 педагогикалық дуэті, 1-ші жыл жұмыс істейтін жас педагогтер және олардың тәлімгерлері қатысты.