ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас математиктер өз білімдерін тексерді
11-10-2022 18:18
Жас математиктер өз білімдерін тексерді

Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығында 2022 жылғы 11 қазанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының және «Математика» пәні бойынша бағдарламалаудың қалалық кезеңі өтті. Мақсаты-оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру.

Олимпиада іріктеу жазбаша турынан және практикалық турдан тұрды-қазылар алқасының мүшелеріне есептерді ауызша шешуді түсіндіру.

Математикадан жасөспірімдер олимпиадасына қаланың 37 мектебінің оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 7 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде І орын - 2, ІІ орын - 2, ІІІ орын - 3 оқушы. Олар Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

I орынды № 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы Кучук Иван және № 26 ЖОМ 8 сынып оқушысы Карпов Богдан иеленді.

II орынды № 41 ЖОМ 7 сынып оқушысы Федоров Александр және № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Барлыбаева Дана иеленді.

III орынды № 17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бехлер Вадим, № 28 ЖОМ 7 сынып оқушысы Арбуз Платон, №40 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ахтамберов Нұрдәулет иеленді.

«Павлодар дарыны» орталығының Құрмет грамоталарының иегерлері Қ. Бекқожина атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Кунанбаева Камила, № 24 мектептің 8 сынып оқушысы ЖүсіпбайСымбат, №25 мектептің 7 сынып оқушысы Қуанышбаева Жұлдыз, № 34 орта мектептің 8 сынып оқушысы, Загорский Михаил, № 29 мектептің 8 сынып оқушысы,  № 9 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Ушаков Глеб, К. Мақпалеев атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Бейсенбаева Анель.

 

Ең жоғары ұпай жинаған және бірінші және екінші орын алған оқушылар жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.