ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республика күніне арналған іс-шараларға қатысу
12-10-2022 17:20
Республика күніне арналған іс-шараларға қатысу

Республика күні тағы да еліміздің басты мерекелерінің біріне айналды, ол 2009 жылға дейін жалпыхалықтық және мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп, қоғамның оң қолдауына ие болды. Мерекелік күнтізбеде Республика күнін жаңғырту - бұл жаңа Қазақстан ұрпағының бастауы мен сабақтастығын мойындау, тарихи еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеудің символы.

Мереке қарсаңында Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында Республика күніне арналған іс-шаралар өткізіледі.

Жалпыұлттық бірлік мақсатында 12 - 22 қазан аралығында қала мектептерінің 47000-нан астам оқушысы күн сайын мемлекеттік әнұранды орындайды.

Қала мектептерінде 13 қазаннан бастап «Республика күні», «Халықтар достығы - жай сөз емес» сынып сағаттары, ағаш отырғызу бойынша «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциялары, бизнес қауымдастықтарды, демеушілерді, меценаттарды тарта отырып, әлеуметтік осал азаматтарды қолдау бойынша «Жаңашыр жүрек» халықтық акциялары өтуде. Облыс пен қаланың табысқа қол жеткізген адамдарымен кездесулер, мерекелік концерттік бағдарламалар өткізіледі. А. Жаппарқұловтың сөзіне, Е. Серікбаевтың музыкасына жазылған «Жаса, Қазақстан» әнін орындау бойынша челенджге 1-11 сыныптардың 40 мыңнан астам оқушысы қатысады. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында «Бүгингі ұрпақ, ертеңгі болашақ» ұранымен мемлекеттік тілді білуге арналған зияткерлік байқаулар өтуде.

Павлодар қаласының қосымша білім беру ұйымдары 15 мыңнан астам баланың, ата-аналардың, педагогтердің қатысуымен бұқаралық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Қазақстандықтар - болашақ біртұтас ұлт» атты қалалық пікірталас турнирін өткізеді, балалар көркемсурет мектебі тәрбиеленушілердің үздік жұмыстарынан «Менің Қазақстаным» көрмесін ұсынады, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы жаппай жеңіл атлетика жарысын өткізеді.