ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
13-10-2022 09:46
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Павлодар қаласының № 112 сәбилер балабақшасымен бірлесіп, қызметке жаңадан келген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Мамандыққа ену» жобасы шеңберінде «Жобалау қызметі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту» қалалық семинарын өткізді. Семинардың мақсаты- мектепке дейінгі ұйымдағы жобалау қызметі туралы педагогтердің білімін нақтылау және кеңейту. Семинарға қызметке жаңа орналасқан  қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 39 педагогы қатысты.

Павлодар қаласының білім бөлімінің семинар модераторы Н. К. Нургалиева, семинар ұйымдастырушылары - № 112 сәбилер бақшасының басшысы Д. Ж. Бейбитова, әдіскер А. Д. Мукашева.

 Г. Ф. Чайкина, К. К. Мусина, С. К. Смаилова  бала-бақша  педагогтері  жұмыс тәжірибесімен бөлісті

Семинарға қатысушыларға мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста жобалық қызмет технологиясын қолдану мәселелері бойынша баяндамалар мен практикалық материалдар ұсынылды.

Тәжірибелік бөлімде қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалармен жобалау жұмыстарының жоспарларын әзірледі, оларды іске асыру жолдарын анықтап, өз жобаларын қорғап, өз жұмысын қорытындылады.

Семинарға қатысушылар үшін  балабақша педагогтерінің  көрмесі ұйымдастырылды, мұнда балалармен жобалық іс-шаралар бойынша өздерінің тәжірибелік жұмыстарын ұсынды.