ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Президенттік олимпиаданың қорытындысы
14-10-2022 11:11
Облыстық Президенттік олимпиаданың қорытындысы

Облыстың  білім беру  басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  2022 жылғы 12 қазанда Павлодар педагогикалық университетінде жаратылыстану-математикалық цикл - математика, физика, химия және биология пәндері бойынша өңірлік Президенттік олимпиаданы бастады. Мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету, дарынды оқушыларды қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

         Олимпиадаға 11 сыныптың 75 оқушысы, сонымен қатар  Павлодар қаласының № 17, 34, 39, Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл жалпы білім беретін мектептердің қалалық кезеңінің  жеңімпаздары 5 оқушы   қатысты.

         Қатысушылар математика, физика, химия және биология пәндерінен олимпиадалық тапсырмаларды орындады. Математика және физика бойынша логикалық есептерді шешті, химия бойынша - химиялық формулаларды қолдану, ерітінділер мен қоспаларды қолдану, биология бойынша тест тапсырмаларына жауап берді.

         Олимпиаданың қорытындысы бойынша 26 қазанда екінші облыстық іріктеу кезеңінде ең жоғары ұпай жинаған 20 оқушы қатарына Павлодар қаласының Кенжекөл ЖОМ оқушысы Аркен Санжар мен Б. Момышұлы атындағы мектептің оқушысы Әубәкіров Санжар қатысады.